Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Жаңалықтар 2022-05-06 00:00:00

1 + 1: ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу бойынша мәмілені жапты

«Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың жай акцияларының 100%-н сатып алу бойынша мәмілені аяқтағанын хабарлайды. Қайта тіркегеннен кейін Банк жаңа Eco Center Bank брендімен жұмыс жасайтын болады.


Қазіргі клиенттер үшін банк өнімдері бойынша барлық талаптар өзгеріссіз қалады және SDN тізімінен шығару рәсімі аяқталғаннан кейін клиенттер Банк өнімдерінің барлық түрін қолдана алатын болады.


Біздің қызмет көрсетуімізге көшкен барлық клиенттерге ыңғайлы болуы үшін BCC.KZ веб-сайтында сұрақ-жауап нысанында ақпараттық жадынама жарияланған. Қосымша сұрақтар болған жағдайда, жеке тұлғалар 505 нөміріне, заңды тұлғалар 605 нөміріне хабарласа алады.


Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу мәмілесі ЦентрКредит Банкінің меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылған. Қазіргі уақытта Банктің ребрендингі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, нарықта 33 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан ЦентрКредит Банкі қалай толық қазақстандық банк болса, бұл банк те толық қазақстандық банк болады.


«Санкция тізіміне енген банкті сатып алу Қазақстанда тұңғыш рет әрі барынша қысқа мерзімде жүргізіліп жатыр. Сәтті нәтиже үшін осы мәміленің барлық қатысушыларына алғысымды білдіремін. Біз үшін басты міндет қазіргі клиенттерден түсіп жатқан сауалдарды шешу болып табылады. Сондай-ақ біз командаға басты назар аударып, қызметкерлеріміздің жаңа банктің бизнес-процестеріне жұмылдырылуын арттыруымыз керек. Бұның бәрі бізге нарықтағы позицияларымызды бекітіп, ұзақ мерзімге серіктестік қарым-қатынастар орната отырып, клиенттеріміз үшін жаңа ығайлы да қарапайым банк өнімдерін іске қосуға ықпал етеді,» – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов.


«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қолайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар және ол Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 130-дан аса бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Өзге жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік
2025-10-24 08:45:00
2025 жылғы 24 қазаннан бастап жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгереді
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді