Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business

#businesscredit картасы

Қазақстандағы бизнеске арналған бөліп төлеу функциясы бар алғашқы кредиттік карта

5 000 000 ₸
Кредиттік лимит
6 ай
бөліп төлеу
0 ₸
Шығару және қызмет көрсету

Қазақстандағы бизнеске арналған алғашқы кредит картасы

Жеңілдетілген ресімдеу
  • Шешім қабылдау үшін барынша аз құжат
  • Жаңа траншқа қосымша құжат қажет емес
  • Кестеге қол қоюдың қажеті жоқ
Лимитті ұлғайту
  • Кепілсіз
  • Лимит ай сайын қайта қаралады
  • Айналым неғұрлым көп болса, кредиттік лимит сомасы соғұрлым көп болады

200 000 теңге
250 000 000 теңге

Ақша әрқашан өз қолыңызда
  • Қажет кезде пайдаланыңыз
  • Тек пайдаланылған сома үшін пайыз төлеңіз
  • Лимитті bcc business қолданбасында басқарыңыз
Қарыз 3 айдан 6 айға дейін
Шұғыл түрде төлем жасау керек болған кезде, ақшаға лезде қол жеткізу
Кредиттік лимит 5 млн ₸ дейін
Және кредиттік лимиті бар шотқа тікелей байланыстыру
Жасырын шығын жоқ
Шешім 5 минутта қабылданады
Бір батырманы басып, бүкіл әлем бойынша төлем жасау
Apple Pay, Google Pay арқылы нақты картасыз

Шарттары

Картаны шығаруТегін
Қайта шығару1 000 теңге
Ай сайын қызмет көрсетуТегін
Бөліп төлеу мерзімі3 немесе 6 ай
Мөлшерлемесі 23,5% (ЖТСМ 26,21%)
Барынша көп кредиттік лимит 5 000 000 теңге
ҚР және шетелдік банкоматта қолма-қол ақша алуКөзделмеген 
Жеке тұлғаның картасына ақша аударуКөзделмеген 
POS/интернет арқылы сатып алу 0 теңге 
Банкомат арқылы картаны/шотты толықтыру 0 теңге 
СақтандыруТалап етілмейді
Карта түрі Mastercard Business World Credit
Талаптары
  • Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға
  • Бизнесті тіркеу мерзімі 3 айдан басталады
  • Картаны қазіргі және жаңа клиенттер ресімдей алады

#businesscredit бизнес-картасын қайда ашуға болады?

Кредиттік лимитіңіз жоқ па?

КЛШ онлайн немесе банктің бөлімшесінде ашыңыз. Содан кейін картаны bcc business мобильді қолданбасында шығарыңыз

Шот бойынша кредиттік лимит бар ма?

Картаны bcc business мобильді қолданбасында шығарыңыз

Арнайы ұсыныстар Mastercard бизнес-картасын ұстаушыларға

Mastercard бизнес-картасын ұстаушыларға
Көлік жалдаған кезде 10% жеңілдік
Mastercard бизнес-картасын ұстаушыларға
Яндекс Бизнес арқылы ілгерілету үшін 40 000 теңге сыйлыққа
Mastercard бизнес-картасын ұстаушыларға
MeDigit пакетімен Google жүйесінде жарнама жариялауға 300$ дейін жеңілдік алыңыз
bcc business сервистері әрқашан қолыңызда

Сұрақтар бар ма? Кеңес алу үшін өтініш жіберіңіз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөліп төлеу функционалы бар #businesscredit кредит картасы – шот бойынша кредиттік лимиттің мақұлданған сомасы аясында 6 айға дейінгі мерзімге қаржыландыруға мүмкіндік беретін карта.  #businesscredit цифрлық кредит картасы бөліп төлеу функционалымен ғана пайдаланылады.

Жеке кәсіпкер (егер карта ЖК үшін қажет болса) немесе компания басшысы, егер карта заңды тұлға үшін қажет болса.

Жеке кәсіпкердің немесе компания басшысының төлқұжаты.

Шот бойынша кредиттік лимиті бар клиенттер виртуалды картаны bcc business мобильді қолданбасында ресімдей алады.

Жаңа клиенттер алдымен банктің кез келген бөлімшесінде шот бойынша кредиттік лимит ашуы қажет, лимит мақұлданғаннан кейін, #businesscredit виртуалды картасы шығарылады.

Банк оң шешім қабылдаған жағдайда, виртуалды карта шартқа қол қойылған күні шығарылады, банк карта бойынша кредиттік лимитті белгілегеннен кейін, картаның деректемелері жеке кабинетте қолжетімді болады.

Картаны Apple Pay / Samsung Pay / Google Pay жүйелеріне bcc.kz мобильді қолданбасында бірінші басшының жеке кабинеті арқылы тіркеуге болады.

Бөліп төлеу арқылы транзакция жүргізудің қауіпсіздігі мақсатында bcc.kz мобильді қолданбасында бірінші басшының жеке кабинеті арқылы динамикалық түрде өзгеретін CVV белгілеуге болады.

Сіз:

· касса арқылы шоттан қолма-қол ақша ала алмайсыз,

· банк алдындағы кез келген берешекті өтей алмайсыз,

· қарыз бен кредит бере алмайсыз және өтей алмайсыз,

· эмиссиялық бағалы қағаз сатып ала алмайсыз,

· вексель, инвестициялық пай қорының пайын сатып ала алмайсыз және (немесе) өтей алмайсыз,

· ақша қаражатын даусыз есептен шығаруға инкассолық және өзге де құжатты төлей алмайсыз,

· дивиденд төлей алмайсыз,

· жарғылық капиталға ақша сала алмайсыз,

· картаға ақша аудара алмайсыз, депозиттке ақша орналастыра алмайсыз, жеке тұлғаның есеп айырысу шотына ақша аудара алмайсыз,

· бюджеке салық/алым/бойынша мерзімі өткен берешекті өтей алмайсыз

· байқауға / тендерге / аукционға қатысу ақысын төлей алмайсыз.

Сіз өзіңіз үшін ең қолайлы бөліп төлеу мерзімін таңдай аласыз: 3 ай немесе 6 ай.

Белгілегеннен кейін, бөліп төлеу мерзімі барлық келесі бөліп төлеу операциясы үшін әдепкі ретінде пайдаланылады. Сіз картаны пайдаланатын кез келген уақытта қалаған бөліп төлеу мерзімін белгілей аласыз.

Карта бойынша кредиттік лимиттің ең жоғары сомасы 5 000 000 теңгені құрайды.

Карта бойынша картаға бөлінетін кредиттік лимит сомасын ай сайын қайта есептеу көзделген. Есептеу автоматты түрде айына 1 рет жүргізіледі.

Картадағы кредиттік лимит сомасы шот бойынша транзакциялық белсенділікке және сіздің негізгі қызметіңіз бойынша айналым көлеміне байланысты.

Транш мерзіміне қарамастан, айына 2%.

Қосымша комиссия жоқ.

Банк алдындағы берешек қалдығына төлем мерзімі кешіктірілген әрбір күн үшін 0,2% мөлшерінде өсімпұл / тұрақсыздық айыбы есептеледі.

Иә, ҚР және шетелдік банкоматта қолма-қол ақша алуға, P2P арқылы ақша аударуға тыйым салынады.

Банк картада

Картада көрсету Тізім түрінде көрсету
Сүзгі
Қаланы таңдау
Табылды:
Табылды:
Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін.
Жоқ, PIN-кодты қолданба арқылы белгілеуге болады:

- Қажетті картаны таңдаңыз.

- «Әрекет» → «Теңшеу» → «PIN-кодты өзгерту» тармағын таңдаңыз.

- Жаңа PIN-код ойлап тауып, SMS арқылы келген кодпен растаңыз.



- 505 қысқа нөміріне келесі мәтінмен SMS жолдау:

PIN (немесе epin) + карта нөмірінің соңғы 4 цифры
Банктің әрбір бөлімшесінде. Сондай-ақ банкоматтар бөлімшеден тыс жерлерде де орналасқан. ҚР қалалары бойынша толық тізімді банктің сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен қарауға болады
Қолданбадан немесе bcc.kz сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен білуге болады
Банкоматтың басты экранында тіл ауыстыру мәзірі экранның жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан. Ақпараттық-төлем терминалы мен депозит машинасында — экранның жоғарғы бөлігінде орналасқан.
KZT номиналдары: 500, 1000, 2000, 5000, 10000, 20000
RUB номиналдары: 5, 10, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000
USD номиналдары: 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100
CNY номиналдары: 1, 5, 10, 20, 50, 100
MasterCard, VISA және China UnionPay төлем жүйелерінің карталарымен жұмыс істейді.
Ақша салған кезде қолма-қол ақша арасында бүктелген купюралар, тиындар, резеңке, қыстырғыш, қысқыш және басқа бөгде заттар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ бумадағы купюра саны операция кезінде құрылғы экранында көрсетілген мөлшерден аспауы керек.
Егер банкоматта контактісіз оқу құрылғысы (NFC) болса, ал сіздің картаңызда толқын бейнесіндегі белгі болса, картаңызды, смартфоныңызды немесе сағатыңызды контактісіз оқу құрылғысына жай ғана жақындатып, картаны құрылғыға салмай-ақ, оңай ақша толықтыра аласыз не ала аласыз.
Банкоматтар жаңа купюраларды 3-9 ай аралығында— банкомат өндіруші жаңартылған бағдарламалық жасақтаманы ұсынғаннан сәттен бастап қабылдайды.
Банкоматтар (ATM), ақпараттық-төлем терминалдары (АТТ), автоматтандырылған депозит машиналары (АДМ).

Операцияны бастамас бұрын терминалды/депозит машинасын/банкоматты тексеріңіз — оған бөгде құрылғылар немесе жасырын камералар орнатылмағанына көз жеткізіңіз. Егер бір нәрсе күмән тудырса немесе зақымдалған болып көрінсе, бұл құрылғыны пайдаланбаған жөн.
PIN-кодты енгізген кезде, пернетақтаны қолыңызбен немесе сөмкемен жабыңыз — кодыңызды ешкім көрмесін.

Операция толық аяқталғанға дейін банкоматтан алыстамаңыз және зейініңізді басқа жаққа бұрмаңыз.
Күдікті жайтты байқасаңыз, дереу банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Иә, картаны, смартфонды немесе сағатты контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындатып немесе картаны картридерге салып PIN-кодты енгізу қажет, содан кейін мәзірден «Балансты қарау» тармағын таңдаңыз.
Қолма-қол ақша алу, шоттар мен депозиттерді толықтыру, қолма-қол валютаны айырбастау, кредиттерді өтеу, балансты қарау, есеп айырысу парағын алу (жалақы жобалары үшін қолжетімді). Көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізімді банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен таба аласыз
KZT, RUB, USD, CNY (көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізімді банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен таба аласыз)
KZT валютасымен шоттар мен депозиттерді толықтыру, кредиттерді өтеу, жеткізушілердің қызметтеріне ақы төлеу.
Заңды тұлғаларға өздігінен инкассациялау, KZT валютасымен карталарды, шоттарды және депозиттерді толықтыру.
Операция аяқталғаннан кейін, банкомат экранында электронды чек көрсетіледі, оны суретке түсіріп алуға немесе басып шығаруға болады.
Басқа банктердің клиенттері банкомат арқылы қолма-қол ақша ала алады және валюта айырбастай алады.
Ақша шотқа бірден түседі.
Егер смартфоныңызда электронды әмиян болса, смартфонды немесе сағатты банкоматтағы контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындатып, қызметті бастауға болады.
Есеп айырысу шотынан ақша алу үшін банк бөлімшесіне хабарласу қажет. Картадан ақша алу үшін алдын ала төлем картасын ресімдеп, белсенді ету қажет.
Жоқ, қолма-қол ақшаны кез келген басқа банктің банкоматынан алуға болады. Банкоматтан ақша алу қызметінің тарифтерімен банк bcc.kz сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыз
Ол үшін алдымен қолданбада депозиттегі ақшаны картаға аударып, содан кейін банкомат арқылы картадан қолма-қол ақша алуға болады.
Банктің банкоматтары мен ақпараттық-төлем терминалдары арқылы кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді төлеуге, кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеуге және толық мерзімінен бұрын өтеуге болады.
Банкоматтар қолма-қол ақшаны бумамен қабылдауды қолдайды және құрылғы үлгісіне байланысты 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен қабылдай алады. Шектеу операция кезінде құрылғы экранында көрсетіледі.

Ақпараттық-төлем терминалдары қолма-қол ақшаны 1 купюрадан қабылдайды.

Автоматтандырылған депозит машиналары банкноттарды санау принципі бойынша жұмыс істейді және қолма-қол ақшаны бумамен, үстемелеп салу тәсілімен қабылдауды қолдайды.
Банкоматта авторизациядан өтудің 2 тәсілі бар:

1. Карта арқылы (картаны құрылғыға енгізу немесе картаны, смартфонды не сағатты контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындату). Бұл жағдайда картадан қолма-қол ақша алу, картаны, шотты, депозитті толықтыру, кредитті өтеу, балансты қарау, есеп айырысу парағын алу (жалақы жобалары үшін қолжетімді) мүмкін болады.

2. ЖСН немесе БСН енгізу арқылы (басты экраннан қажетті операцияны таңдау). ЖСН арқылы авторизациядан өткен кезде, картаны, шотты, депозитті толықтыруға және кредитті өтеуге болады.



Ақпараттық-төлем терминалында басты экраннан операцияны таңдап, ЖСН немесе БСН енгізу қажет.



Автоматтандырылған депозит машиналарында басты экраннан операцияны таңдап, ЖСН немесе БСН енгізу қажет немесе картаны құрылғыға енгізу арқылы мүмкін болады.
Банкоматтарда, терминалдарда және депозит машиналарында операция жүргізу тарифтерімен bcc.kz сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыз
1. ЖСН немесе БСН арқылы авторизациядан өткен кезде 1 операция аясында ең көп дегенде 500 000 KZT енгізуге болады.

2. Карта арқылы авторизациядан өткен кезде сомаға шектеу қойылмайды, алайда банкоматтың үлгісіне байланысты құрылғының өз шектеуі болуы мүмкін. Құрылғы бір уақытта 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен қабылдай алады. Шектеу операция кезінде құрылғы экранында көрсетіледі.
1. Қолма-қол ақша алу лимиті карта түрі мен белгіленген лимитке байланысты.

2. Банкомат үлгісіне қарай 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен бере алады.
1. Басқа банктердің карталары бойынша комиссия картаны шығарған банктің тарифіне сәйкес алынады.

2. ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша банкоматтан ақша алу қызметтерінің тарифтері банк сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде орналастырылған
Бұл жағдайда қызметті бастау үшін картаны картридерге салу қажет.
Чектің телнұсқасын банк бөлімшесінде сұратуға болады.
Жаңа PIN-кодты қолданба арқылы орнатуға болады:

1. Басты бетте қажетті картаны таңдаңыз.
2. «Әрекет» және «Картаны теңшеу» дегенді таңдаңыз.
3. «PIN-кодты өзгерту» дегенді таңдаңыз.
4. Жаңа PIN-кодты енгізіп, SMS-кодпен растаңыз.
Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінімді ресімдеу үшін жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Карта дұрыс салынбаған болуы мүмкін немесе чиптің оқу элементтері не магнит жолағы зақымдалған болуы мүмкін. Авторизациядан өту үшін банкоматтағы контактісіз оқу құрылғысын пайдалануды ұсынамыз.
1. Егер банкомат банк бөлімшесінен тыс жерде орналасқан болса — картаны қолданба арқылы бұғаттап, жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.

2. Егер банкомат банк бөлімшесінде орналасқан болса — жұмыс уақытында бөлімшеге барып, жеке куәлігін көрсету қажет. Маңызды: карта иесіне ғана беріледі, картадағы деректер мен жеке куәліктегі деректер салыстырылады.
1. ЖСН енгізіңіз не болмаса картаны, смартфонды немесе сағатты контактісіз оқу құрылғысына салыңыз/жақындатыңыз.

2. Толықтыру үшін валютаны таңдаңыз.

3. Толықтырылатын шотты таңдаңыз.

4. Экрандағы нұсқаулықтарға сәйкес қолма-қол ақшаны салыңыз.

5. Чекті суретке түсіріңіз.
Көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізім банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінде көрсетілген
1. Банкоматтың басты экранында «Валюта айырбастау» тармағын таңдау.

2. ЖСН енгізіп, ақша айырбастау нұсқасын таңдау.

3. Ақша айырбастау талаптарымен танысу.

4. Купюра қабылдағышқа қолма-қол ақша салу.

5. Транзакцияның егжей-тегжейімен және берілетін сомамен танысу.

6. Қайтарымды алу тәсілін таңдау (карта немесе телефон нөмірін енгізу).

7. Сатып алынған валютаны алу.

9. Чекті экраннан суретке түсіру.
1. Картаны, смартфонды немесе сағатты контактісіз оқу құрылғысына салыңыз немесе жақындатыңыз.

2. “Қолма-қол ақша алу” дегенді таңдаңыз.

3. PIN-кодты енгізіңіз.

4. Сомасын көрсетіңіз.

5. Чекті суретке түсіріңіз.
Қолма-қол валютаны айырбастау үшін банкомат экранында ЖСН енгізу қажет.
Қолданбадағы бағам қолданылады.
Бағамдар банкоматтың басты экранында көрсетіледі
(Назар аударыңыз! Операция жүргізу барысында бағам өзгеруі мүмкін).
Иә, валюта айырбастау үшін ЖСН енгізу жеткілікті.
Дс-Жс 09:00-20:00, мереке күндері сервисті пайдалану мүмкін болмайды.
1 операция аясында 500 000 KZT дейін немесе шетел валютасымен балама сомасын айырбастауға болады.
Өңірді таңдау

Сізді қызықтыруы мүмкін

#IronCard

Жайлылық пен эксклюзивтілікті бағалаушыларға арналған карта

Қолма-қол ақшалай берілетін кредит

Шын мәнінде маңызды нәрсеге берілетін кредит

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді