Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона

Цифрлық теңге

Ұлттық валютаның жаңа ресми нысаны 

Цифрлық теңге – бұл электрондық нысанда эмиссияланатын және нарыққа қатысушылармен бірлесіп екі деңгейлі қаржылық архитектура аясында таратылатын ҚРҰБ міндеттемесі. Цифрлық теңгені енгізу бойынша қанатқақты жобаның аясында эмиссиядан және таратудан бастап, оны пайдалана отырып сатып алу және аударуға дейін цифрлық теңгенің негізгі сценарийлері іске асырылады, сондай-ақ офлайн есеп айырысуда жаңа төлем шешімін енгізу жоспарланып отыр. Цифрлық теңге барлық жерде заңды төлем құралы ретінде қабылданатын және экономиканың барлық субъектілері үшін классикалық ақшаның барлық функцияларын орындайтын болады.

Жаңа валютаның артықшылығы

Инновация  

Цифрлық теңге қаржылық қызметтерге қолжеткізуді жеңілдету және кәсіпкерлік пен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасау арқылы технологияны дамытуға ықпал етеді. 

Қолжетімділігі

Цифрлық теңге қаржылық қызметтердің аясын кеңейтіп, оларды халықтың кең ауқымды бөлігіне  – соның ішінде шалғайдағы және жетуі қиын өңірлерге де қолжетімді ете алады.

Тиімділігі

Цифрлық теңге арқылы есеп айырысудың жеделдеуі мен жеңілдеуі шығынды азайтып, қаржылық операциялардың жылдамдығын арттыра түседі. 

Қауіпсіздігі 

Заманауи криптографиялық технологияларды қолдана отырып, ЦТ транзакция қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Цифрлық артықшылығы

Қаражатты қатаң түрде мақсатына сай пайдалану мүмкіндігі
Операциялардың айқындығы және бақылауға икемділігі
Есеп айырысудың жоғары жылдамдығы
Деректердің жоғары деңгейде қорғалуы

Цифрлық әмиянды ашудың нұсқалары

Банктің қазіргі клиенті  

Өтінім жіберу

Банктің жаңа клиенті

Шот ашу

Банк менеджеріне цифрлық әмиянды ашу бойынша кеңес алуға өтініш жіберіңіз

FAQ

Әмиянды ашу өтінім берілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

Таңбаланған шот – цифрлық теңгеге оларды пайдалану шарттарын белгілеу арқылы белгілі бір қасиеттер беру. Яғни, таңбаланған цифрлық теңгені қандай жағдайларда пайдалануға болатынын немесе болмайтынын анықтайтын ережелерді орнатуға болады 

Сіз цифрлық теңгені контрагенттің әмиянының публичный адресіне жібересіз. Төлем бірден түседі және жүйеде тіркеледі. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі барлық төлем нарығы қатысушылары арзан, жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлемдерге қол жеткізуі үшін Ұлттық төлем жүйесін құрып, дамытуда. 

1 цифрлық теңге = 1 теңге (қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысанда). 

Цифрлық теңгені айырбастау операциялары платформа арқылы жүзеге асырылады. 

Таңбаланған қаражаттың бақылануы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы мониторингті жеңілдетіп, алаяқтық әрекеттердің алдын алуға көмектесуі мүмкін. Бұл – заңдылықты күшейтуге бағытталған кең ауқымды шаралардың қосымша құралы. 

Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаға балама ретінде емес, оларды толықтыру мақсатында енгізіледі. 

Цифрлық теңгенің криптовалюталар мен басқа криптоактивтерден негізгі айырмашылығы – оның эмитенті бар, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. 

Сәйкесінше, цифрлық теңге Ұлттық Банктің міндеттемесі болып табылады және заңды мәртебеге ие. 

Әмиянның реквизиті – криптографиялық жария (public) адрес, ол әмиян белсендірілгеннен кейін автоматты түрде қалыптасады. Толық ақпаратты интернет-банкингтен ала аласыз. 

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді