Енді валютамен жұмыс істеудің әр секунды - өз пайдаңызға.
Біз интерфейсті жаңартып, навигацияны жетілдірдік, енді сіз жылдамырақ әрекет етіп, нық сеніммен шешім қабылдай аласыз.
⚙️Жаңартудың басты артықшылықтары:
💼Интерфейстің екі нұсқасы: Lite және Pro
Lite - минимализм мен жылдамдық: өзекті бағамдар мен жылдам операциялар - барлығы қысқа да нұсқа.
Pro - нарықты терең талдайтындарға арналған:
🤖AI-дің нарыққа шолуы
Жасанды интеллект енді әлем үрдістерін бақылап, күн сайын валюта қозғалысына шолу жасайды - тек фактілер, негізгі өзгерістер және еш артық ақпарат жоқ.
💹Икемді ордерлер
Кейінге қалдырылған ордердің ең төменгі сомасына шектеу алынып тасталды.
Енді кез келген көлемнен бастап, стратегияны сынап, өзіңізге қолайлы сауда ырғағын таба аласыз.
bcc.kz-тегі жаңа FX-ақша айырбастау қызметі - дәл жұмыс істеуге, уақытында шешім қабылдауға және әрқашан бір қадам алда болуға ұмтылатындарға арналған құрал.