Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
News 2023-11-10 09:00:00

Банк ЦентрКредит BCC Invest компаниясымен бірге SPO KEGOC нәтижелерін қорытындылады.

Банк ЦентрКредит BCC Invest компаниясымен бірге SPO KEGOC нәтижелерін қорытындылады.

Банк ЦентрКредит жеке инвесторлардан келіп түскен өтінімдер көлемінің сомасы бойынша көш бастап тұр.

KEGOC акцияларын қайталама орналастыру нәтижелері қорытындыланды. BCC тобы (Банк ЦентрКредит және BCC Invest) инвесторлардан 7,5 млрд теңге мөлшерінде өтінім жинады. Бұл көрсеткіш SPO шеңберіндегі барлық өтінімдердің  22% құрайды. Өтінімдердің басым бөлігі жеке инвесторлардан (жеке тұлғалардан) келіп түсті.

BCC тобы инвесторлардан келіп түскен өтінімдердің орташа сомасы 1,31 млн құрайтын орташа чек бойынша көш бастап тұр. Бұл ретте Банк ЦентрКредит жеке инвесторлардан келіп түскен өтінімдер көлемі бойынша екінші деңгейдегі банктердің арасында бірінші орында тұр (4,85 млрд теңге).

Жеке инвесторлардан келіп түскен барлық өтінімдер толық көлемде қанағаттандырылды. Өтінімдер саны бойынша Алматы, Шымкент және Астана қаласындағы инвесторлар ең жоғары белсенділік танытты.

Владимиров Руслан, Банк ЦентрКредиттің президенті:

— SPO KEGOC Қазақстанның қор нарығын жандандырып, азаматтардың инвестициялық процеске деген қызығушылығының артуына септігін тигізетін болады. Жеке инвесторлардың үлесі әртүрлі жас санатындағы азаматтар арасында артып келе жатқандықтан, біз инвестиция салу процесін BCC.KZ мобильді қосымшасы арқылы қарапайым, түсінікті әрі тиімді етіп жасадық.   Клиенттеріміздің қаржылық қуаттылығы үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер ұсынуды жалғастыра түсетініміз анық. 

Уразаков Алибек, BCC Invest басқарма төрағасының орынбасары:

— Тұтас BCC тобы сияқты BCC Invest те  халықтық IPO шеңберіндегі бастамаларға оң бағасын беріп, қолдайды. Біз азаматтарымыз бен клиенттеріміздің инвестициялық мүмкіндіктер туралы хабардарлығының жылдан жылға өсіп жатқанына қуаныштымыз. Бүгінгі таңда инвестициялар шын мәнінде қолжетімді әрі тиімді құралға айналды. 

Анықтама:

2023 жылғы 2 қарашада Қазақстандық Қор Биржасы (KASE) мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында (AstanaInternationalExchange, AIX) өткен  SPO KEGOC-қа қатысу үшін өтінім қабылдау аяқталды. SPO KEGOC шеңберінде инвесторлардан келіп түскен өтінімдердің жалпы сомасы жоспарланған орналастыру көлемінен 1,5 есе асып түсті.   Жалпы сомасы 22,6 млрд теңгеден асатын өтінімдер қанағаттандырылды, бұл көрсеткіш жарияланған акциялардың шекті саны - 15 294 118 жай акцияға сәйкес келеді.


ҚР ҚНДРА 03.02.2020ж. берген № 1.2.25/195/34 лицензиясы.

Other news
Выиграйте путёвку на 1 млн ₸ или один из 19 телевизоров!
2024-10-07 13:00:00
Changes implemented as per ISO 20022
2024-09-27 14:12:00
BCC Participated in the Round Table Discussion on the ESG Risk Management Guide by the Agency for Regulation and Development of the Financial Market (ARRFM).
Поиск по сайту
We use cookies
We use cookies to improve website performance and your user experience
Back
Cookie settings
We use cookies to improve website performance and your user experience
Essential cookies
Always active
These Cookies do not gather information about you that could be used for marketing purposes, and do not remember when you have been on the Internet. You can disable these Cookies by changing your browser settings, but this may affect the functioning of our website when interacting with our website.
Non-essential cookies
Analytics cookies: help improve the user experience and ensure that any information provided to you matches your interests and preferences. The cookies collect information in a way that does not directly identify anyone.