«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын
өткізу туралы хабарлама
«Банк ЦентрКредит» АҚ толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының Басқармасы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы,
38-үй
«Банк ЦентрКредит акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 11 қарашадағы №3-1111-01 қаулысы) 2022 жылғы 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де атқарушы органының орналасқан жері бойынша аудио-бейнеконференцияны (ZOOM) пайдаланумен жеке қатысу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлайды
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 02 желтоқсандағы жай-күйі бойынша "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы.
Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 04 желтоқсаннан бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционерлің сауалы болған кезде, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2023 жылғы «15» желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де аудио-бейнеконференция (ZOOM) режимінде дәл сол күн тәртібімен қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5 және 5-1-тармақтарына сәйкес, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 7(727)259 85 18.