Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлері!
A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесі отырысының 2026 жылғы 04 ақпандағы хаттамасы) 2026 жылғы 18 наурызда сағ. 10:00-де жеке қатысу нысанында Zoom конференция арқылы акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша сағ. 09:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2026 жылғы 04 ақпандағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. Банктің 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылға арналған шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту туралы.
4. 2026 жылы Банк пен оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды бекіту туралы.
5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
Акционерлер жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2026 жылғы 06 наурыздан бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағ. 9:00-18:00 аралығында таныса алады: Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38. Жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатыңыз болуы тиіс. Акционердің сауалы болған кезде, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2026 жылғы 20 наурызда сағ. 10:00-де жеке қатысу нысанында Zoom конференция арқылы қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жылдық жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Барлық сұрақ бойынша келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады:
7 (727) 259 85 18