Жаңалықтар 2026-02-27 08:30:00
«Банк ЦентрКредит» АҚ бастамасымен орналастырылған жай акцияларды сатып алуды аяқтау туралы хабарлама
Құрметті акционерлер!
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы келесі талаптармен «Банк ЦентрКредит» АҚ бұдан әрі – Банк) Банк Директорлар кеңесімен бекітілген Банк бастаған жай акцияларды сатып алу бағдарламасының нәтижелерін хабарлайды:
- Акцияның түрі: жай акциялар (CCBN - KASE, ISIN KZ0007786572);
- Нақты сатып алынған акциялар саны: 11 948 384 (он бір миллион тоғыз жүз қырық сегіз мың үш жүз сексен төрт) дана;
- Сатып алу бағасы: бір жай акция үшін 2 200 (екі мың екі жүз) теңге;
- Нақты сатып алынған акциялар көлемі: 26 286 444 800 (жиырма алты миллиард екі жүз сексен алты миллион төрт жүз қырық төрт мың сегіз жүз) теңге;
- Сатып алу кезеңі: 2025 жылғы 15 сәуірден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
- Сатып алынбаған акциялар қалдығы: 3 951 616 (үш миллион тоғыз жүз елу бір мың алты жүз он алты) дана;
- Сатып алу мерзімінің аяқталуына байланысты қалдықты одан әрі сатып алу жоспарланбайды;
- Сатып алынған акциялардың дауыс беру және дивидендтер алу құқығы жоқ.
Өзге жаңалықтар
2026-03-20 08:47:11
2026 жылғы 18 наурызда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы
2026-02-10 13:00:00
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы
2025-04-11 15:05:00
2025 жылғы 04 сәуірде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы