Қазіргі таңда кино, музыка және жеткізу қызметтері сияқты салаларда жазылым форматындағы сервистер кеңінен танымал болып келеді. ЦентрКредит Банкі Қазақстанда алғашқылардың бірі болып bcc plus банк жазылымын іске қосты. Бұл жазылым клиенттерге жоғары кешбэк, тегін ақша аудару және қолма-қол ақша алу, сондай-ақ премиум карталардың қосымша бонустары, серіктестік ұсыныстар және тағы басқа мүмкіндіктер сияқты бірқатар артықшылықтар береді. Банк жазылымның төрт деңгейін ұсынады: Standard, Comfort, Premium және Private. Негізгі артықшылығы – жазылымның әмбебаптығы, ол әр пайдаланушының әдеттеріне бейімделіп, өмір салтына қарамастан, клиенттердің кең ауқымына ыңғайлы шешім ұсынады. Жазылымның әр деңгейі бойынша толық ақпаратты сайттан немесе қолданбада біле аласыз.
Клиенттердің бірі Темірлан жазылымды #IronCard премиум картасы бойынша ай сайынғы төлемді азайту үшін пайдаланады. Ол саяхат кезінде осы картаның арқасында әуежайлардағы бизнес-залдарға кіріп, халықаралық рейстерде тексеруден жылдамырақ өтеді.
Махаббат есімді басқа бір клиент жалақысын ЦентрКредит Банкінің картасына алады және жазылымды тегін пайдаланады. Ол үшін жазылымның басты артықшылығы – кешбэк санаттарының көптігі. Соның арқасында ол ай сайын қомақты кешбэк жинайды.
Банктің тағы бір клиенті Алина жазылым ұсынатын жоғары кешбэк санаттарына сүйене отырып, айлық бюджетін алдын ала жоспарлайды: «Медициналық қызметтер» санаты шыққанда медициналық тексеруден өтемін. «Оптика» санаты болған кезде қызыма жаңа көзілдірік алдым. Сыйлықтарды мерекелерден әлдеқайда бұрын жоспарлаймын, ал «косметика және парфюмерия» санаты пайда болғанда қажетті сыйлықтарды сатып аламын. Шопингке «киім және аяқкиім» санатын таңдаймын. Ал «такси» және «супермаркеттер» сияқты санаттар күнделікті шығынды үнемдеуге көмектеседі.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
bcc plus жазылымы төрт деңгейді ұсынады: Standard, Comfort, Premium және Private. Әр деңгей клиенттердің қажеттіліктеріне қарай бірегей артықшылықтар береді.
Standard деңгейінде пайдаланушылар белгілі бір тауар немесе қызмет санаттарында бекітілген кешбэк алады, сондай-ақ аударымдар мен қолма-қол ақшаны комиссиясыз алу бойынша жоғары лимиттерге ие болады. Бұл оны банк жазылымын алғаш рет пайдаланып көргісі келетіндерге тиімді нұсқа етеді. Сонымен қатар клиенттер жоғары кешбэк беретін қосымша санатқа қол жеткізеді, бұл күнделікті шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Comfort деңгейі – жазылымның келесі сатысы. Бұл деңгейде пайдаланушылар көбірек санаттар бойынша жоғары кешбэк алып, ақшаны жылдам алу немесе біреуге аудару қажет болған кезде аударымдар мен қолма-қол ақшаны комиссиясыз алу бойынша жоғары лимиттерді пайдалана алады. Сонымен қатар Comfort жазылымы жоғары кешбэк беретін қосымша санаттарды, карталарды алаяқтықтан сақтандыруды және кредит картасы бойынша ұлғайтылған жеңілдікті кезеңді ұсынады. [КД1] [СР2]
Premium деңгейінде пайдаланушылар негізгі пакеттер бойынша ең жоғары артықшылықтарға ие болады. Бұл деңгейде сондай-ақ #TravelCard картасын тегін шығару және оған қызмет көрсету, #IronCard картасына қызмет көрсетуге 50% жеңілдік қарастырылған. Premium деңгейі эксклюзивті артықшылықтарды бағалайтын және қаржылай пайдасын барынша арттырғысы келетін клиенттерге арналған.
Private жазылымы арнайы Private-офистерде дербес менеджер арқылы қызмет көрсетуді қамтиды. Бұған қоса #IronCard және TravelCard карталарына тегін қызмет көрсету, сондай-ақ ерекше инвестициялық артықшылықтар ұсынылады – мысалы, 50 грамнан бастап алтын құйма сатып алуға жеңілдік және валютамен жүргізілетін операциялар бойынша арнайы талаптар қарастырылған.
Осылайша, bcc plus жазылымының әрбір деңгейі бірегей мүмкіндіктерді ұсынады, бұл пайдаланушыларға өз қаржы әдеттері мен қажеттіліктеріне байланысты ең қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді.
bcc plus аясында қосымша арнайы шешімдер де қолжетімді, бұл – нақты мақсаттар мен өмір салтына арналған дайын тиімді ұсыныстар жиынтығы. Сіз базалық шешімді таңдай аласыз немесе өз сценарийіңізге сәйкес нұсқаны пайдалана аласыз: «Жалақы» шешімі табысын Банк картасына алатындарға арналған, «Демалыс» саяхат пен әуе сапарына, «Денсаулық» медициналық шығынға арналған. Жақын уақытта үй кеңістігін жабдықтауға арналған «Үй және жайлылық», күтім мен осы санатта сауда жасауға арналған «Сұлулық», белсенді өмір салтына арналған «Спорт» және көлік шығынына арналған «Авто» сияқты жаңа шешімдер іске қосылады. Мұндай шешімдер маңызды шығынға назар аударуға және қажетті санаттарда барынша пайда табуға көмектеседі.
Сонымен қатар bcc plus жазылушыларына серіктестерден эксклюзивті промокодтар ұсынылады. Мысалы, TECHNODOM онлайн-дүкендерінде сауда жасаған кезде 10% жеңілдік беріледі, ал Activ операторынан отбасылық тарифтерге 50%-ға дейін жеңілдік ұсынылады. Өзекті ұсыныстар мен промокодтарды алу мүмкіндігі bcc.kz қолданбасында қолжетімді.
Жазылымды банктің bcc.kz қолданбасында қосуға болады. Жазылымға қосылғаннан кейін оның барлық мүмкіндігін автоматты түрде пайдалана аласыз. Жазылымның жаңа мүмкіндіктері туралы ақпарат қолданбада үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар сіз әр ай сайын сүйікті кешбэк санаттарын таңдай аласыз. Қолданбадағы операциялар тарихы бөлімінен әр саудаңыз бойынша қайтарылатын кешбэк сомасын көре аласыз.
bcc.kz инвестициялар
KASE / KASE Global биржасында
акциямен сауда-саттық жасаңыз
bcc plus – қызмет көрсетудің жаңа деңгейдегі үлгісі, ол ондаған жеке қызметтің орнын басады. Банк бұрын жеке ұсынылған және қымбатырақ болған мүмкіндіктерді бір пакетке біріктіреді. Клиент үшін бұл – айқын әрі бекітілген құн, комиссияның аздығы, артық төлемсіз премиум қызмет және түсінікті, болжамды талаптар. bcc plus әртүрлі клиент топтарының қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген, сондықтан әркім өз қаржы әдеттері мен қажеттіліктеріне сай пайда таба алады.