Біздің кейіпкеріміз шығармашылық туралы балалық арманды орындап, одан тұрақты бизнес құруға болатынын өз тәжірибесімен дәлелдеді.
ЦентрКредит Банкі қазақстандық кәсіпкерлермен сұхбаттар сериясын жалғастыруда және кезекті роликтің кейіпкері – «Art-Depo Studio» баспаханасының негізін бірлесіп қалаушы Альбина Абузарова.
Өз ісін ашу идеясы Альбина Абузарова мен оның әріптестері бір фирмада жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істеген кезде келген еді.
Сол кезде жұмыс істеп тұрған «Мост» галереясы оларға өздерінің қосымша бір үй-жайына – жылытылмайтын, ұзын, тар балконға көшуді ұсынды. Баспахананың жұмысы – көрме дайындау, каталогтар жасау және суретшілермен тығыз ынтымақтастық дәл сол жерде басталды.
Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған сұхбаттар топтамасын «АзияЭлитФудГрупп» ЖШС-ның негізін қалаушы Мария Липинскаяның оқиғасы жалғастырады. Компания бүгінде сүт өнімдерінің 50-ден астам түрін (оның ішінде қаймақ, кілегей, сүзбе) шығарады, ал оның штатының елу адамнан асқанына біраз болған.
Бірақ 20 жыл бұрын үлкен өндіріс туралы арман болмаған да еді. Мария табысты бір компанияда жұмыс істеп жүреді, ал өз ісін ашу туралы ойлануына бір жағдай себепші болыпты. Сұхбатымыздың кейіпкері жұмыс істеп жүрген кәсіпорынның иесі қызмет бейінін өзгертуді ұйғарған екен. Бұл өзгерістер Марияны жауапты қадам жасауға, яғни жалдау саласынан кетіп, сүт өнімдерін өндіруге арналған шикізат пен ингредиенттер сататын өз компаниясын ашуына түрткі болады. Нарықта компания бірден беделге ие болады, қарқынды түрде дамып, серіктестер саны артады. Марияға бірлесіп бизнес бастауды ұсынған солардың бірі болған.
Британдық модельер әрі әлемдегі ең танымал дизайнерлердің бірі Вивьен Вествуд өзінің стиль құпиясын ашты: «Киімді ақылмен таңдаңыз, сирек сатып алып, ұзақ уақыт киіңіз». Сондай-ақ оның сән сүйер қауым арасында танымал тағы бір сөзі бар: «Аз киім сатып алып, жақсысын таңдаңыз және бір-бірімен үйлестіріңіз». Өкінішке қарай, адамдардың көпшілігі бұл ережені ұстана бермейді: статистикаға сүйенсек, адамдар киім-кешекке бюджеттің 20%-ын жұмсайды. Десе де көбінің нәтижеге көңілі толмайды: ақша қалмағанымен, әлі де киетін ештеңе жоқ. Бұл гардеробыңыз дұрыс құрылмаған дегенді білдіреді.
Наурыз айының ортасында ЦентрКредит Банкі сұхбаттар топтамасын іске қосты, олардың кейіпкерлері – қазақстандық кәсіпкерлер. Бірінші сұхбаттың кейіпкері Гүлмира Айтымбетова болды. Оның тарихы шабыттандырады: кәсіпкер жалдамалы пәтердегі ательеден өз бизнесіне дейін күрделі жолдан өткен, оның клиенттерінің арасында ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар бар. Олардың қатарында – The Ritz-Carlton люкс мейманханалар желісі, Шымкент сыра қайнату зауыты, SMALL супермаркеттер желісі, «Қазақстан» қонақүйі.
Бүгінде GUITEX компаниясы – корпоративтік киім тігу бойынша елдегі ең ірі компаниялардың бірі. Оның тұрақты клиенттері болып табылатын 100-ден астам ұйым бар, ал өндіріс көлемі 60 миллион теңгеге жетеді.