Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған сұхбаттар топтамасын «АзияЭлитФудГрупп» ЖШС-ның негізін қалаушы Мария Липинскаяның оқиғасы жалғастырады. Компания бүгінде сүт өнімдерінің 50-ден астам түрін (оның ішінде қаймақ, кілегей, сүзбе) шығарады, ал оның штатының елу адамнан асқанына біраз болған.
Бірақ 20 жыл бұрын үлкен өндіріс туралы арман болмаған да еді. Мария табысты бір компанияда жұмыс істеп жүреді, ал өз ісін ашу туралы ойлануына бір жағдай себепші болыпты. Сұхбатымыздың кейіпкері жұмыс істеп жүрген кәсіпорынның иесі қызмет бейінін өзгертуді ұйғарған екен. Бұл өзгерістер Марияны жауапты қадам жасауға, яғни жалдау саласынан кетіп, сүт өнімдерін өндіруге арналған шикізат пен ингредиенттер сататын өз компаниясын ашуына түрткі болады. Нарықта компания бірден беделге ие болады, қарқынды түрде дамып, серіктестер саны артады. Марияға бірлесіп бизнес бастауды ұсынған солардың бірі болған.
ЖК-ны 0 теңгеге онлайн тіркеу
Бизнесті жеңіл бастаңыз
Бірлескен бизнес үшін өндіріс алаңы бірден табыла кетті: кейіпкеріміздің туған ауылы Чапаевода, ол жерде сүт өнімі саласындағы кәсіпорынның жұмысы тоқтап қалған еді. Ол мемлекеттік ұйымның балансында проблемалы объект ретінде тұрған. Кәсіпорынды сатып алу туралы келісу қиын болмайды, бірақ құжаттар дайын болған кезде серіктестің ағасының Қазақстандағы бағытты дамыту туралы ойынан айнып қалғаны белгілі болады. Кейіпкеріміздің кәсіпорынды өз бетінше сатып алуға ақшасы болмаған, дәл осы ширыққан тұста өзінің ауқымды ісін ашу туралы арманы пайда болады.
Бұл арманы орындалмас бұрын уақыт сынағынан өтеді: 5 жыл бойы Мария объектіні өзіне сенімгерлікпен басқаруға алу үшін әртүрлі мемлекеттік құрылымдармен хат жазысып жүреді. Бұл мәселе кейіпкеріміз үшін оң шешімін тапқанымен, кәсіпорынның өзі уақыттың тезіне шыдамай, онсыз да күйрегелі тұрған оның өндірісі 5 жыл тұрып қалған уақытта «талан-таражға түседі». Бірақ кейіпкеріміз арманға апарар жолдың қиындығынан қаймықпайды.
Мария жабдықты механикпен бірге тіпті бөлшектеп жинауға тура келгенін есіне алады. Бірақ табандылық пен арманына деген сенімі нәтижесін береді: өндіріс іске қосылып, пайда әкеле бастайды.
Мария Липинская адам әрдайым өз күшіне сенуі керек дейді. Бірақ көмек те маңызды екенін жоққа шығармайды. Сөйтіп, ЦентрКредит Банкінен кредитке алған қаражат кәсіпорынның өндірісін жаңартуға жол ашады. Ал компанияның жақын арадағы жоспары – өнім қаптамасының жаңа дизайнын әзірлеу және цехтарды жөндеу. Осының бәрі кезінде қараусыз қалған өндірісті үлгі тұтарлық кәсіпорынға айналдырды.
Кейіпкеріміздің бизнесінің сәтті болуының құпиясы оның үздіксіз қатысуында. Мария Липинская өнімдерді әзірлеуге өзі қатысатынын, бұл ретте жұмыскерлердің пікірін тыңдайтынын атап өтті. Айта кетейік, ұжымға көңіл бөле білуін табысқа жетудегі екінші құпиясы деуге болады: кейіпкеріміз үшін цехтарда қызметкерлерге тек қолайлы емес, сонымен қатар жайлы болатындай жағдай жасау маңызды. Әлбетте, өз бизнесін бастауды ұйғарған адам қорқыныш дегенді ұмытуы керек: «Мен ешқашан ештеңеден қорықпаймын. Маған жаңа бір нәрсені сынап көру қызықты. Алға жылжудан қорықпаймын», – деп қорытындылады сөзін кейіпкеріміз. Алайда басты құпия, әрине, адамның өз арманына сенуінде, өйткені Марияның сөзімен айтсақ, «барлығы әрдайым арманнан басталады».
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 524,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,14 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +1,07 тг. құрады (523,58 тг.-ден 524,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,13 тг. өсті (5,01 тг.-ден 5,14 тг.-ге дейін).
5 желтоқсандағы валюта сауда-саттығының жабылу кезіндегі теңге бағамы 0,61%-ға нығайып, сауда көлемі 219 млн АҚШ долларын құрап, 1 доллар үшін 521,79 теңге деңгейінде қалыптасты.
Теңгенің рубльге қатысты бағамы, керісінше, 0,99%-ға әлсіреп, 1 рубль үшін 5,085 теңгеге жетті.
Сарапшылар теңгенің нығаюының ағымдағы үрдістерінің сақталуын және орташа құбылмалылықты болжайды.
2024 жылғы 5 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын Қазақстанның Ұлттық банкі 523,58 тг. деп белгіледі, ал ресей рублінің курсы – 5,01 тг.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +0,41 тг. құрады (523,17 тг.-ден 523,58 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, +0,08 тг. өсті (4,93 тг.-ден 5,01 тг.-ге дейін).