Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алу – көпшілік армандайтын сол бір «сән-салтанаттың шыңы» іспеттес. Әлеуметтік желілерде қаладағы бір шаршы метрдің құны Дубайдағы құнға жақындап қалды деп әзілдейді. Дегенмен тауға қарайтын екі бөлмелі пәтер туралы арман әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Осы мақсатқа жету үшін көпшілік демалыссыз жұмыс істеуге, басқа өңірлерге баруға, тіпті айлап вахталық әдіспен еңбек етуге дайын. Тұрақты жалақы, тегін жатын орын мен тамақ, шығынның аз болуы қаражат жинаудың мінсіз тәсілі сияқты көрінеді. Бірақ вахта шынымен де пәтер туралы арманды шындыққа айналдыра ала ма?
Біз осы жолды өткен мамандармен сөйлестік. Олар вахта тек табысты ғана емес, әдеттерді де өзгертетінін айтты: ол адамды тәртіпке, төзімге үйретеді және ақша жинау көбіне саналы шектеулерге негізделетінін көрсетеді.