Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
1 сәуір 2025
Жаңартылды: 17 сәуір 2025

Карта мен шоттың IBAN нөмірі дегеніміз не?

Картаға немесе шотқа ақша аударған кезде, әдетте IBAN нөмірі қажет болады. Бұл нөмірді Ибан, Айбан, Ай-би-эй-эн, IBAN Number деп те атайды, ол — ISO 13616 стандартына сәйкес келетін банктегі халықаралық шот нөмірі (бұл банкаралық есеп айырысуды стандарттау мақсатында жасалған).

Бастапқыда IBAN нөмірі тек Еуропа одағы мен Еуропалық экономикалық аймақта қолданылған. Алайда бүгінде бұл кодты көптеген ел пайдаланады. Олардың қатарында Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Дания, Германия және Нидерланды бар. Қазақстанда IBAN жүйесіне көшу 2010 жылы жүзеге асты. Беларусь елінде жүйе 2016 жылдан бастап жұмыс істейді, ал Ресей Федерациясында бұл код қазіргі уақытта қолданылмайды.

IBAN нөмірінің негізгі мақсаты — төлемдерді өңдеуді жеңілдету, яғни оларды жылдамдату және қаржы мекемесінің деректемелерін жедел анықтау.


Бизнеске арналған шотты онлайн ашу

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз

IBAN шотының нөмірі қалай көрінеді

Әрбір мемлекет кодтағы таңбалар санын өзі анықтайды, бірақ белгілі бір шектеулер де бар: нөмір 34 таңбадан аспауы тиіс. Қазақстанда IBAN 20 таңбамен, ал Беларусь елінде — 28 таңбамен шектеледі. Код тек бас әріптермен жазылған латын әріптері мен сандардан тұрады. Сонымен қатар IBAN нөмірінде міндетті түрде үш элемент болуы қажет:

  1. Алушының банкі орналасқан елдің әріптік белгісі (1 немесе 2-таңба).
  2. Бақылау саны (3 және 4-таңбалар).
  3. BIC-кодтың алғашқы төрт таңбасы (5, 6, 7 және 8-таңбалар). Бұл –банктің сәйкестендіру коды. Егер IBAN нақты алушының шот нөмірін анықтауға арналса, BIC қаржы мекемесін сәйкестендіруге қажет.

Одан кейін әр мемлекет өзіне қажетті ақпаратты қосады. Бұл — клиенттің шот нөмірі, белгілі бір банк бөлімшесін көрсететін префикс, шоттың валютасы және т.б. Бұл ақпараттың жиынтығы нақты алушыны дәл әрі жедел табуға мүмкіндік береді.

Қытаймен бизнесті қалай нөлден бастауға болады?
Қазақстанда ЖК үшін банк шотын қалай ашуға болады

Мысалы, қазақстандық шоттардың IBAN нөмірлері KZ әріптерімен басталады, бұл — елдің қысқаша белгісі. Одан кейін қалған таңбалар келеді. Барлығы қазақстандық IBAN 20 таңбадан тұрады. Мысалы, ЦентрКредит Банкінің коды: KZ978562203105747338.

IBAN қандай міндеттерді шешеді

IBAN кодының мақсаты – тек стандарттау емес. Ол келесі мәселелерді де шешуге көмектеседі:

  • Шетелдік сатушылардан алынатын тауар мен қызмет ақысын төлеуге мүмкіндік береді.
  • Бизнесте шетелдік контрагенттермен есеп айырысуда қолданылады.
  • Шетелде тұратын туыстар мен достарға ақша аударуға мүмкіндік береді.
  • Операцияны орындауға қажетті ақпарат көлемінің қысқаруы есебінен банк құжаттарын толтыруды жеңілдетеді.
  • Ақшалай қаражаттың шотқа қате түсу қаупін азайтады.

Бұдан бөлек, Еуропа одағының қаржы ұйымдары 2007 жылдан бастап банк деректемелерінде IBAN-code көрсетілмеген жағдайда, транзакцияны жүргізуден мүлдем бас тартуы мүмкін. Ал мұндай операциялар бойынша қаражатты қайтару үшін комиссия алынады.

Сауда эквайрингі

Төлем қабылдау үшін қарапайым шешімдерді пайдаланыңыз

Нені есте сақтау қажет

Транзакцияны (мысалы, ақша аудару) орындау үшін бір IBAN кодтың өзі жеткіліксіз. Төлем тапсырмасында келесі ақпараттар да болуы тиіс:

  • Жіберуші мен алушының толық аты-жөні мен мекенжайы. Алушы (бенефициар) жеке тұлға да, компания да бола алады.
  • Транзакцияны жүргізетін банктің деректемелері. Онлайн операция кезінде бұл деректер автоматты түрде толтырылады.
  • SWIFT коды (BIC деп те аталады).
  • Төлемнің мақсаты. Бұл жолда қаражаттың қандай мақсатпен аударылып жатқаны қысқаша көрсетіледі (мысалы, қызмет ақысын төлеу немесе туыстарға ақша аудару).

Барлық деректі (IBAN және басқаларын) толтырғаннан кейін қателік болмас үшін оларды мұқият тексеру қажет. Адресат ақшалай қаражатты 5 күн ішінде ала алады. Ресми мерзім — 14 күнге дейін, бірақ әдетте ақша бұдан әлдеқайда тез түседі.

IBAN шот нөмірін қалай білуге болады

Ақпаратты келесі жолдармен анықтауға болады:

  • Ең ыңғайлы тәсіл — деректемелерді интернет-банк немесе мобильді қолданба арқылы қарау. Мысалы, ЦентрКредит Банкінің bcc.kz қолданбасында «Шоттар» бөліміне кіріп, картаны таңдау қажет. Одан кейін «Ақпарат» блогына өтіп, «Деректемелер» қойындысын ашу қажет.
  • Банк бөлімшесіне бару. Деректер паспорт бойынша ұсынылады.
  • Операция жүргізген кезде банкомат арқылы түбіртекті басып шығару. Құжатта қажетті код көрсетіледі.

IBAN кодын пайдалану – қаржы мекемесі үшін де, пайдаланушылар, яғни банк клиенттері үшін де ыңғайлы. Банктер транзакция жүргізген кезде жұмысты жеделдетеді әрі жеңілдетеді, ал клиенттер төлемнің дұрыстығы мен сенімділігіне кепілдік алады.

Держите руку на пульсе с bcc journal
Подпишитесь на нашу рассылку и не пропустите новые статьи и актуальные обзоры.
Сізге ұнауы мүмкін
Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 30 сәуірге аналитикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы сәуір айынд

Валюталар шолу
2025 жылғы 30 сәуірге арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 30 сәуірге арналған шетел валюталарының ресми ...

Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 29 сәуірге аналитикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2025 жылғы сәуір айындағы те

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды