Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
3 желтоқсан 2024
Жаңартылды: 24 сәуір 2025

Қазақстандағы ЖК үшін декреттік демалыс: 2025 жылы төлемақыны қалай есептеу керек

Жүктіліктің 30-аптасы (егер көпұрықтық жүктілік болса, 28-аптасы) басталғанда әйел адам декретке шығады. Қаржылық қолдау мақсатында оған біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы және бір жарым жыл бойы төленетін бала күтіміне байланысты жәрдемақы сияқты төлемақылар төленуге тиіс. Бірақ егер әйел ЖК ретінде жұмыс істесе, жәрдемақы сақтала ма? Қазақстанда жүкті ЖК-әйелдерге қандай төлемақы төленуге тиіс? Бала туғаны үшін қанша ақша беріледі?

2025 жылы Қазақстанда босанғанға дейін және босанғаннан кейін төленетін төлемақы 

Бала туған барлық әйел (жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда) мемлекеттік жәрдемақы алады. Ол бір рет есептеледі. Төлемақы 38 АЕК-ті құрайды, бұл 2025 жылы 149 416 теңгеге тең. Егер әйел төртінші баласын туса, онда төлемақының мөлшері 63 АЕК-ке дейін артады (бұл – 247 716 теңге).

Бұл мемлекеттік төлемақыны барлық әйел алады. Егер әйел жұмыс істесе (оның ішінде ЖК ретінде), оған қосымша кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы және 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы есептеледі. Бұл төлемақыны толығырақ қарастырайық.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Жүктілікке және босануға байланысты берілетін жәрдемақы 

Қазақстанда әйел адам декреттік демалысын ресімдегенде, ол жұмыс істей алмайды, яғни кірісінен айырылады. Сондықтан оған төлемақы төленеді. Оны мемлекет бір рет есептейді және ол айырылған жалақының орнын толтыруға арналған. Іс жүзінде әйел адам декретке шықпаған жағдайда өзінің жұмыс орнында 126 күн жұмыс істеп алатын сомасын алады. 126 күн – декреттің қалыпты ұзақтығы: босанғанға дейін 70 күн және одан кейін 56 күн. Кейбір жағдайларда демалыс 140 күнге дейін созылады. Қиын босанған жағдайда немесе әйел 2 немесе одан көп бала туса, мерзім ұзартылады.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыны еңбек қызметі барысында ӘА, МЗЖ, ЖМЗЖ, МӘМСЖ сияқты әлеуметтік аударымдар жасаған әйелдер ғана ала алады.

Қазақстанда 2025 жылы декреттік төлемақы қалай есептеледі?

Есептеу үшін мына формула қолданылады: орташа кіріс еңбекке қабілетсіз болған күндер саны бойынша коэффициентке көбейтіледі.

 Орташа кірісті анықтаудың да өз ерекшеліктері бар:

  1. Егер жеке кәсіпкер 12 ай ішінде аударым жасап, кірісі 300 000 теңгені құраса, онда осы 300 000 теңге сомасымен есептейді.
  2. Егер әлеуметтік аударымдар соңғы 8 айда ғана жасалса, онда орташа кіріс былай есептеледі: 300 000-ды 8-ге (әлеуметтік аударымдар жасалған айлар саны) көбейтіп, 12-ге (бір жылдағы айлар саны) бөледі. Бұл жағдайда орташа кіріс 200 000 теңгеге тең болады.

Еңбекке қабілетсіз болған күндер коэффициентін есептеу үшін аурухана парағы бойынша күндер санын 30-ға бөледі. Егер аурухана парағы қалыпты 126 күнге созылса, онда коэффициент 4,2-ні (126 : 30 = 4,2) құрайды. Аурухана парағы 140 күнге созылған жағдайда, коэффициент 4,7-ге тең болады.

Кәсіпкер-әйелдің орташа кірісі 300 000 теңгені құрайды, ал коэффициент 4,2-ге тең делік. Демек, жәрдемақы мөлшері мынаны құрайды: 300 000 х 4,2 = 1 260 000 теңге. Алайда бұл түпкілікті сома емес, өйткені одан 10 % шегеру керек, бұл – БЖЗҚ зейнетақы қорына аударымдар. Жиынтығы: 1 134 000 теңге. 

Мұндай төлемақыны бала туған әйелдер ғана емес, сонымен қатар бала асырап алған әйелдер де ала алады.

Әйел адамның кірісі 300 000 теңгеден көп болатын жағдайларды бөлек қарастырған жөн. Мұндай жағдайда орташа кіріс ретінде 7 АЕК алынады (2025 жылы бұл – 595 000 теңге). Ұзақтығы қалыпты аурухана парағы үшін былай есептеледі: 595 000 х 4,2 – 10 % = 2 249 100 теңге. Бұл – мемлекеттік жәрдемақының ең жоғары мөлшері.

Оңай әрі жылдам есептеу үшін калькуляторды қолдануға болады. Қажетті деректерді енгізсеңіз, онлайн-сервис автоматты түрде есептеп береді.

Бүкіл әлемді қалай тиімді аралап шығуға болады: Бюджеттік сапарларға арналған 11 лайфхак
Демалыс күндерін қалай дұрыс есептеу керек? Демалыстың қандай түрлері бар және олардың ерекшеліктері қандай?

Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы 

Декреттік төлемақының бұл түрі басқа жәрдемақылардан өзгеше, ол тек бір рет есептелмейді, бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайын төленеді.

Қазақстанда декреттік төлемақыны қалай есептеу керек? Бұл төлемақы да жұмыс істеген соңғы 2 жылдағы орташа кіріске байланысты, бұл – оның 40 %-ы. Соңғы 2 жылда ЖК-әйелдің орташа кірісі айына 300 000 теңгені құрады делік. Осы жылдар ішінде әйел адамның әлеуметтік аударымдар жасағаны маңызды. Сонымен, ай сайынғы жәрдемақы сомасы мынаны құрайды: 300 000 х 40 % – 10 % = 108 000 теңге. 

Мысалдан көріп отырғанымыздай, зейнетақы қорына 10 %-ды осы жәрдемақыдан аудару керек.

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Жүктілікке байланысты аурухана парағын қайда, қалай ашу керек 

Әйел адам еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын өзі тіркелген және жүктілігі жүргізілетін емханадан алады. Емханаға босанғанға дейін есепке тұрады.

Дәрігер құжатты жүктіліктің 30-аптасынан бастап (егер әйел ядролық сынақтар жүргізілген аумақта тұрса, 27-аптадан бастап) ресімдейді. Құжат босануға қатысты болжамдарды ескере отырып, 126 немесе 140 күнге беріледі (мысалы, егер қиын босануы мүмкін деп болжанса, онда мерзім 140 күнге дейін ұзартылады).

Егер ЖК-әйел декретке шықса, бизнеске қатысты не істеу керек? Екі жолы бар:

  1. Егер оның компаниясы әрі қарай жұмыс істей берсе, салықты уақытында төлеуді ұмытпаған жөн.
  2. Егер әйел жұмыс істеуді жоспарламаса, ЖК қызметін тоқтату керек.

Жәрдемақы алуға өтінімді қайда толтыру керек 

Өтінім egov.kz электрондық үкімет сайтында ресімделеді. Әйел адам ұсынылған ашық жолдарға ақпарат енгізіп, аурухана парағын тіркеуі қажет. Ай сайынғы жәрдемақыны алу үшін осыған ұқсас процедурадан өтеді. Алайда бұл жағдайда баланың туу туралы куәлігі болуы тиіс, бұл құжат өтінімге қоса тіркеледі.

Құжаттар 7-8 күн ішінде өңделеді. Ақша «Қазпоштада» немесе «Халық банкінде» ашылуға тиіс шотқа аударылады.

Кейбір ерекшеліктерге назар аударған жөн:

  • Мемлекеттік жәрдемақыны, жүктілікке және босануға байланысты төлемақыны алуға өтінімді аурухана парағын алған бойда ресімдейді. Құжаттарды кейінірек, бірақ парақ берілген күннен бастап 12 айдан кешіктірмей тапсыруға болады 

  • Ай сайынғы жәрдемақыны алуға құжаттарды бала туған соң береді. Бірақ оларды ресімдеуге де тек 12 ай бар 

Бірреттік төлемақы мен ай сайынғы жәрдемақы – әйел адамға айтарлықтай қаржылық қолдау. Бұл аударымдарды алу үшін құжаттарды тапсыру мерзімін сақтап, оларды дұрыс ресімдеу маңызды.

Держите руку на пульсе с bcc journal
Подпишитесь на нашу рассылку и не пропустите новые статьи и актуальные обзоры.
Сізге ұнауы мүмкін
Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 30 сәуірге аналитикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы сәуір айынд

Валюталар шолу
2025 жылғы 30 сәуірге арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 30 сәуірге арналған шетел валюталарының ресми ...

Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 29 сәуірге аналитикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2025 жылғы сәуір айындағы те

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды