Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
KZT/USD
6 тамыз 2025
Жаңартылды: 12 тамыз 2025

USD/KZT айырбастау бағамының нәтижелері туралы

Қазақстан қор биржасының (бұдан әрі – KASE) деректеріне сәйкес шілде айы 1 АҚШ доллары үшін 540,78 теңге деңгейіндегі айырбастау бағамымен аяқталды. Орташа айлық мәндегі бағам 1 доллар үшін 528,7 теңгені құрап, жыл басындағы деңгейге (1 доллар үшін 524,9 теңге) қайта оралды.

«BCC Invest» АҚ ЕҰ-ның (бұдан әрі – BCC Invest) Аналитика және зерттеу департаменті Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне ай сайын мониторинг және болжау жүргізу аясында сыртқы және ішкі факторлардың ел экономикасына әсерін үздіксіз қадағалап отырады.

Шілде жыл басынан бергі валюталық нарықтағы ең күрделі ай болды. АҚШ долларының бағамы 1 шілдеде 519,29 теңге деңгейінен 30 шілдеде 546,36 теңгеге дейін өсті. Бұл теңгенің 21,49 теңгеге немесе бір ай ішінде 5,2%-ға әлсірегенін білдіреді. Бұл жыл басынан бергі теңге бағамының ең ірі құлдырауы болды.

Осыған дейін BCC Invest сарапшылары USD/KZT айырбастау бағамына қатысты үш сценарийлік болжам жариялаған болатын:

  • Оптимистік – 501,9;
  • Базалық – 519,1;
  • Пессимистік – 536,2;

 

Нәтижесінде шілде айының нақты орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 528,7 теңге деңгейінде қалыптасып, бұл базалық сценарийден 9,7 теңгеге (немесе 1,9%-ға) жоғары, ал пессимистік сценарийден бар болғаны 7,4 теңгеге (немесе 1,4%-ға) төмен. Осылайша нақты бағам пессимистік сценарийге біршама жақындады.

Айдың екінші жартысында бетбұрыс орын алды — 14 шілдеден кейін айырбастау бағамы тұрақты түрде 525, 530 және 540 теңге сияқты негізгі деңгейлерден өтіп отырды. 30 шілдеде курс 1 АҚШ доллары үшін 550 теңгеге дейін жетті. Осы сәтте Ұлттық Банк валюта интервенциялары жүргізілгені туралы хабарлады.


 Кесте. 2025 жылғы шілдедегі KASE-дегі айырбастау бағамы мен операциялар көлемінің динамикасы

KASE

Дереккөз: KASE деректері, BCC Invest талдауы

Сауда құрылымына жүргізілген талдау нарықтағы негізгі сұраныстың доллар сатып алу жағында қалыптасқанын көрсетеді. Айдың көп бөлігінде нетто-сатып алу басым болды, ал кей күнгі сату операциялары айырбастау бағамының жалпы өсу үрдісін өзгерткен жоқ.

Ұлттық Банктің ұстанымы:

«Теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларға сәйкес келмейді және оның төмен бағаланғанын көрсетеді. Біз айырбастау бағамын тұрақтандыру және валюта нарығындағы теңгерімді қалпына келтіру үшін жедел шаралар қабылдауға дайынбыз.»

Айта кетсек, биылғы жылы реттеушінің алғаш рет араласып отыр, бұл бағам ауытқуларының ауқымы мен ерекше сипатын айқын көрсетеді.

Сыртқы факторлар бойынша:

  • әлемдік мұнай бағасы тұрақты түрде барреліне 70 АҚШ долларынан жоғары деңгейде сақталып отыр;
  • АҚШ доллары индексінің жаһандық әлсіреу үрдісі жалғасып келеді.

Айдың ортасына дейін айырбастау бағамы біздің базалық сценарий аясында болды. Алайда 14 шілдеден бастап айдың қорытындысына әсер еткен айқын ауытқу басталды.

Соған қарамастан, 2025 жыл бойынша орташа жылдық айырбастау бағамы әлі де болжам шегінде – 1 АҚШ доллары үшін 517,7 теңге деңгейінде қалып отыр. Бұл базалық болжамдағы 521,7 теңге деңгейімен салыстырғанда небары 4,0 теңгеге немесе 0,8%-ға ғана төмен.

Қорытынды: шілде айы нарықтағы күйзеліс пен шетел валютасына сұраныстың күшеюімен сипатталған кезең болды. Айдың екінші жартысында реттеуші орган бағамның шамадан тыс ауытқуын тежеу үшін интервенция жүргізді. Бұл Ұлттық Банктің іргелі факторлармен байланысты емес ауытқуларға жедел әрекет етуге дайын екенін көрсетеді.


Маңызды ақпарат. Дисклеймер.

«BCC Invest» АҚ клиенттеріне арналған тәуекел туралы ақпарат» 

Маңызды ақпарат:

Бұл материал тек ақпараттық мақсатта жария етіледі. Бұл материалды жария ету инвестициялық кеңес беру жөніндегі қызмет емес. Аталған материалда көрсетілген ақпарат жеке инвестициялық ұсыным емес. Бұл материалды алушы шешім қабылдау үшін ұсынылған ақпаратқа ғана сүйенбеуі тиіс. Есептерді, тарихи деректерді және осы материалда қамтылуы мүмкін өзге де ақпаратты «BCC Invest» АҚ қызметкерлері жария дереккөздерден алынған ақпарат пен деректер негізінде дайындады. «BCC Invest» АҚ мұндай ақпараттың толықтығын, дәлдігін және дұрыстығын тексермейді және тексеруге міндетті емес. «BCC Invest» АҚ ұсынатын кез келген ақпаратты клиент тек өз қалауы бойынша және өз тәуекелімен пайдаланады.


«BCC Invest» АҚ ұсынатын ақпарат қандай да бір бағалы қағазды сатып алу туралы ұсыныс және/немесе сату бойынша міндеттеме, мәміле жасасуға түрткі және инвестициялық, салық және заң мәселелері бойынша, оның ішінде жасалатын мәміленің ақпаратты алушының нақты мақсаттарына сәйкестігі туралы мәселе бойынша ақпарат алушыға арналған ұсыным болып табылмайды.


Олар туралы ақпаратты «BCC Invest» АҚ ұсынатын бағалы қағаздармен, оның ішінде шетелдік бағалы қағаздармен, валютамен, базистік активтердің түрлерімен туынды қаржы құралдарымен (бұдан әрі - «Қаржы құралдары») жасалатын операцияларды жүзеге асырғанға дейін аталған ақпаратты алушылар көрсетілген қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттармен (эмиссия проспектiсi және т.б.) танысуы қажет және қаржы құралдарымен мәмiле жасасқанға дейiн өзiнiң қаржы, заң, салық, бухгалтерлік және өзге де консультанттарымен жан-жақты консультациялар өткiзуі тиіс. Қаржы құралдарымен мәміле жасау белгілі бір тәуекелдермен ұштасқан, олар үшін жауапкершілік «BCC Invest» АҚ-қа жүктелмейді, өйткені олар тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс орналасқан және олардың осындай тәуекелдердің салдарын болжау және алдын алу мүмкіндіктері шектеулі немесе мүмкін емес. Ақпарат алушы қаржы құралдарымен мәміле жасау мүмкіндігін дербес бағалауы тиіс. Ақпарат алушы, егер оның экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, талаптары және оған байланысты тәуекелдері түсініксіз болса немесе ақпарат алушының мақсаттарына, ниеттеріне және болжамына сәйкес келмесе, мәміле жасаспауы тиіс. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Ақпарат алушы қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мүмкіндігін дербес бағалауы тиіс. Ақпарат алушы, егер оның экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, талаптары және оған байланысты тәуекелдері түсініксіз болса немесе ақпарат алушының мақсаттарына, ниеттеріне және болжамына сәйкес келмесе, мәміле жасамауы тиіс. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Осы себептен осы мәмілелер өзіне тиісті тәуекелдерді қабылдауға дайын және оларға байланысты ықтимал қаржылық шығындарды көтере алатын тұлғаларға арналған. Кез келген мәмілені жасағанға дейін ақпарат алушы тиісті мәмілені жасасуға байланысты туындайтын тәуекелдерді түсінетініне және оқиғалардың кез келген даму сценарийі кезінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және өзге де ресурстарға ие екендігіне көз жеткізуі қажет. Қаржы нарығында операция жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде қаржы құралдарына инвестиция жасау күтілетін кірісті алмау, инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін немесе тіпті барлығын жоғалту, ықтимал шығыстар мен шығындар тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін екенін ескерген жөн. Болжамды оң кірістілік туралы ақпарат тек болжам ретінде ғана бағалануы мүмкін. Инвестициялық қызметтiң бұрынғы нәтижелерi болашақтағы нәтижелердi айқындамайды, ал активтердiң құны  қалай ұлғайса, солай азаюы мүмкiн. Шетел валютасын айырбастау бағамының өзгеруі инвестиция құнының азаюына немесе ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін. «BCC Invest» АҚ ақпаратты пайдалану негізінде ақпарат алушы алуы мүмкін қаржылық нәтижелерге қатысты кепілдіктер немесе мәлімдемелер бермейді және қандай да бір жауапкершілікті қабылдамайды.

 «Мүдделер қақтығысы»

«BCC Invest» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға брокерлік қызмет көрсету және номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы шарттардың үлгі нысандарында сипатталған ұқсас қызметтер көрсететінін, сондай-ақ өзге шарттар бойынша үшінші тұлғалардың тапсырмаларын қабылдайтынын және үшінші тұлғалардың мүддесінде және өзінің мүддесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді және өзге де операцияларды жүргізетінін және кәсіби қызмет түрлерін біріктіру тәртібімен үшінші тұлғаларға өзге қызмет көрсететінін, оның ішінде ақпараттық қызметтер, қаржылық кеңес беру, андеррайтинг қызметтерін, облигация ұстаушылар өкілінің қызметтерін, активтерді сенімгерлікпен басқару және маркет-мейкер қызметтерін ұсынатынын хабарлаймыз.

Жоғарыда көрсетілген қызметті көрсету барысында «BCC Invest» АҚ осындай қызметтер үшін сыйақы алады, бұл «BCC Invest» АҚ пен клиент арасында мүдделер қақтығысының туындауына әкелуі мүмкін.

Егер мұндай мәмілені орындау мүдделер қақтығысының туындауына әкелетін болса, «BCC Invest» АҚ клиентке қаржы құралдарымен мәміле жасауды ұсынбайды.

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензия.

«BCC Invest» АҚ

Мобильное приложение для iOS и android
Управляйте деньгами онлайн в своём смартфоне
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды