Дереккөз: Bloomberg
Жыл басынан бері алтын 27%-ға өсті, бұл S&P 500 кірістілігінен сәл жоғары. 2024 жылы бағаның өсуі орталық банктер мен инвесторлар тарапынан сұраныстың артуына, сондай-ақ әлемнің орталық банктерінің мөлшерлемені төмендетуіне байланысты болды. Таяу Шығыстағы қақтығыстар аясында жаһандық геосаяси шиеленістің күшеюі қосымша фактор ретінде әсер етті.
АҚШ-тың технологиялық компанияларының айтарлықтай өсуі инвесторлар портфелінде акциялардың көп шоғырлануына әкелді. Ағымдағы макроэкономикалық жағдай аясында инвесторлар алтынды АҚШ акцияларының портфельдерде көп шоғырлану қатерін төмендету, сондай-ақ инфляциялық және геосаяси қатерден қорғау тәсілі ретінде пайдаланды.
2025 жылы алтын тағы да өседі деп болжанып отыр.
Әлемнің орталық банктері алтынды жылдам қарқынмен сатып алуды жалғастырып келеді. 2024 жылы алтынның басты сатып алушысы Қытай болды, бірақ үшінші тоқсанда сатып алу көлемі бойынша Үндістан Банкі көш бастады. АҚШ-қа тауар әкелуге баж салығын енгізу аясында инфляциялық қатер артып келеді, бұл әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуімен бірге алтынның бағасын троя унциясы үшін $3 000-$3 200 аралығында көтеруі мүмкін.