Жаңалықтар 2025-08-06 10:15:00
CCBNb29 облигацияларын сатып алу және үшінші бағдарлама шеңберіндегі екінші шығарылымның күшін жою (04.08.2025 ж. шешім)
Құрметті инвесторлар!
Осымен «Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан әрі - Банк) Директорлар кеңесінің 04.08.2025 жылғы келесі шешім қабылдағаны туралы хабарлайды:
- Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына Банктің қатысуы аясында шығарылған, жай акцияларға айырбасталатын, қамсыздандырусыз атаулы купондық реттелген облигацияларды (CCBNb29 - KASE, ISIN KZ2C00004083) Банктің бастамасы бойынша мемлекеттік қаражатты қайтару аясында 29 998 759 (жиырма тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан сегіз мың жеті жүз елу тоғыз) дана мөлшерінде 1 000,0 (бір мың) теңге номиналды құнымен сатып алу;
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасының шегінде 60 000 000 (Алпыс миллион) дана мөлшерінде жай акцияларға айырбасталатын, қамсыздандырусыз купондық реттелген облигациялардың екінші шығарылымының күшін жою (09.10.2017 жылғы Е99-2 Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік).
Өзге жаңалықтар