Осымен «Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан әрі - Банк) Банктің Директорлар кеңесінің Банктің Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысуы аясында шығарылған жай акцияларға айырбасталатын қамтамасыз етілмеген атаулы купондық реттелген облигацияларды (CCBNb29 - KASE, ISIN KZ2C00004083) 1 000 (бір мың) теңге номиналды құны бойынша келесі шамада мерзімінен бұрын ішінара сатып алу бекіткенін хабарлайды:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 21 қаулысымен бекітілген «Қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивиденд есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізуінің талаптарына» сәйкес мемлекеттік қаражатты мерзімінен бұрын қайтару аясында 3 499 241 (үш миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың екі жүз қырық бір) дана;
2) Банктің бастамасы бойынша мемлекеттік қаражатты қайтару аясында 6 500 759 (алты миллион бес жүз мың жеті жүз елу тоғыз) дана.