Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Новости 2023-10-02 04:17:52
HTML:«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын орналастыру және жай акцияларына айырбасталатын бұрын сатып алынған артықшылықты акцияларын іске асыру туралы хабарландыру
HTML:

1. Осы арқылы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының («АҚ туралы заң») 16 және 18-баптарына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ («Банк») жарияланған сан шегінде Банктің жай акцияларын орналастыратыны және «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын бұрын сатып алынған артықшылықты акцияларын («Акция») іске асыратыны туралы хабарлайды.
2. Іске асырылатын Акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығы бар акционерлердің (Банктің жай және артықшылықты акцияларын ұстаушылар) тізімі Банктің Директорлар кеңесі Акцияларды іске асыру туралы шешім қабылдаған күнгі жай-күйі бойынша Банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі деректердің негізінде тіркелді (28 қантар 2019г.).
3. Жай акциялары бар акционердің жай акцияларды және жай акцияға айырбасталатын артықшылықты акцияларды артықшылықпен сатып алуға құқығы бар, ал артықшылықты акциялары бар акционердің артықшылықты акцияларды артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.
4. Жай акцияларды орналастыруға қойылатын талаптар:

  • Орналастырылатын акциялардың түрі – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акциялары (ҰСН KZ1C36280010).
  • Орналастырылатын жай акциялардың саны – 6 000 000 (алты миллион).
  • Бір жай акцияны орналастыру бағасы – бір данасы үшін 300 (үш жүз) теңге.
  • Орналастырылған жай акциялардың жалпы санының (Банк сатып алған акцияларды шегергенде) іске асырылатын жай акциялардың санына арақатынасы – 162 456 800 : 6 000 000.
  • Жай акцияларды сатып алу туралы өтініштерді беру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде және артықшылықпен сатып алу құқығы аясында 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
  • Жай акцияларға төлем жасау мерзімі – акцияларды сатып алу туралы өтініш берілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде. 
5. Артықшылықты акцияларды іске асыруға қойылатын талаптар:
  • Іске асырылатын акциялардың түрі – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялар (ҰСН KZ1P36280116).
  • Іске асырылатын артықшылықты акциялардың саны – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын 20 000 000 (жиырма миллион) дана акция.
  • Бір артықшылықты акцияны іске асыру бағасы – бір данасы үшін 300 (үш жүз) теңге.
  • Орналастырылған жай және артықшылықты акциялардың жалпы санының (Банк сатып алған акцияларды шегергенде) іске асырылатын артықшылықты акциялардың санына арақатынасы – 162 752 214 : 20 000 000.
  • Артықшылықты акцияларды сатып алу туралы өтініштерді беру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде және артықшылықпен сатып алу құқығы аясында 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
  • Артықшылықты акцияларға төлем жасау мерзімі – акцияларды сатып алу туралы өтініш берілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
6. Егер Сіз Банктің Акцияларын көрсетілген баға бойынша сатып алғыңыз келсе, онда Сіз жоғарыда көрсетілген өтініш беру мерзімі аяқталғанға дейін төменде көрсетілген нысан бойынша толтырылған өзіңіздің жазбаша келісіміңізді («Өтініш») жіберуіңіз керек.
7. «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы – «BCC Invest» акционерлік қоғамы Өтініштерді бір орталықтан қабылдау және өңдеу бойынша Андеррайтер («Андеррайтер») болып табылады.
8. Акциялар сатып алғысы келетін акционерлер сілтемесі бойынша Банктің корпоративтік веб-сайтынан Өтініштің нысанын жүктеп алып, басып шығаруы және оған қол қоюы қажет.
9. Қол қойылған Өтініш пошта арқылы жіберілуі немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98-үй, А-блогы, 5-қабат, «Old Square» БО (Сауда-саттық операциялары департаменті) мекенжайы бойынша Андеррайтерге қолма-қол жеткізілуі тиіс.
10. Өтініштер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап жоғарыда көрсетілген Өтініштерді беру мерзімі аяқталғанға дейін Астана уақытымен сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін қабылданады.
11. Қажетті мәліметтер толық көрсетілмеген немесе белгіленген мерзімді бұзу арқылы берілген Өтініш қабылданбауы мүмкін. Көрсетілген себептер бойынша Өтініш қабылданбаған жағдайда, акционер кемшіліктерді жойып, Өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзімдерде қайта беруге құқылы. Өтініш көрсетілген мерзім ішінде беріліп отырған жағдайда, Өтініш беруге талпыныс жасау санына шектеу қойылмайды.
12. Акциялар сатып алуға ниеттенген акционерлер жоғарыда көрсетілген мерзімдер ішінде:
  • Андеррайтерде жеке шот ашуы тиіс (заңды тұлға акционер үшін – акционердің өзі немесе оның уәкілетті өкілі қатысуы тиіс).
  • Андеррайтердің комиссиясын қоса есептегенде, Өтініште көрсетілген көлемде Андеррайтерде ашылған өзінің жеке шотына ақша қаражатын аударуы тиіс.
  • Өтінішті Андеррайтерге жіберуі немесе жеткізуі тиіс.
  • Андеррайтерге Андеррайтерде ашылған Банктің жеке шотынан Андеррайтерде ашылған өзінің жеке шотына Акцияны қарымта төлеммен аудару туралы бұйрықты («Бұйрық») беруі тиіс.
  • Андеррайтерге өз қаражатының есебінен Акцияны аудару үшін белгіленген комиссия сомасын төлеуі тиіс.
13. Нормативтік-құқықтық актілеріне немесе ішкі құжаттарына сәйкес Андеррайтерде номиналды ұстау арқылы шот ашуға тыйым салынған немесе шектеу қойылған брокерлік ұйымдар және Акция сатып алуға ниеті бар өзге заңды тұлғалар жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде:
  • Өтінішті Андеррайтерге жіберуі немесе жеткізуі тиіс.
  • Андеррайтерде шот ашпай-ақ, Акцияны номиналды ұстаудың нақты орнынан Банктегі жеке шоттан өз шотына қарымта төлеммен аудару бойынша операцияны жүзеге асыруы тиіс.
14. Жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде көрсетілген іс-әрекеттерді жасамаған акционер осы Хабарландыруда көрсетілген Акцияларды сатып алудан бас тартқан болып есептеледі.
15. Өтінішін Андеррайтерге жеткізетін акционерге Бұйрықты толтыруға қажетті барлық ақпарат тез арада берілетін болады.
16. Әрбір акционер Өтінішке әйелінің (күйеуінің) және өзге тұлғалардың (соның ішінде заңнамалық талаптарға және/немесе шарттық міндеттемелерге байланысты) Банктен Акциялар сатып алуға берген келісімін растайтын құжаттарды қоса тіркеуі тиіс.
17. Әрбір акционер Акциялар сатып алуға қажетті рұқсаттарды, мақұлдауларды уақытылы алуға (Андеррайтерге жеке шот ашу, Акцияларды есептен шығару және аудару үшін талап етілген құжаттар мен мәліметтерді беруді қоса алғанда) және өзге іс-әрекеттерді жасауға, сонымен қатар Андеррайтердің, депозитарийдің, кастодиан банктің, өзге номиналды ұстаушының қызметіне төлем жасауды қоса алғанда, кез келген комиссияны, алымдар мен салықтарды төлеуге өз бетінше жауап береді.
18. Осы хабарландыруға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе қосымша ақпарат алу немесе хабарландыруда көрсетілген құжаттарды алу қажет болған кезде, Сауда-саттық операциялары департаментіндегі Андеррайтерге сәйкесінше +7 (727) 2-443-232 телефоны бойынша, info@bcc-invest.kz электронды пошта арқылы хабарласуды сұраймыз.     
19. Осы хабарландырудағы Банктің Акцияларды орналастыру және іске асыру туралы ұсынысы жария оферта болып табылады және Акциялар сатып алғысы келетін акционерлердің Өтінішті осы хабарландыруды көрсетілген мерзімдерде және тәртіппен жіберуі осы жария офертаның акцептісі болып табылады.

Другие новости
2024-04-26 07:14:24
Құрметті инвесторлар
2024-04-24 10:57:41
Құрметті инвесторлар
2024-04-03 08:11:53
Құрметті инвесторлар
Поиск по сайту