«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 04 желтоқсанында облигацияларды шығару шарттарына сәйкес CCBNb23 (ISIN KZ2C00000594, «Негізгі» алаңы, "Облигациялар" санаты) негізгі борыштың өтелгені және отызыншы купондық сыйақының төленгені туралы хабарлайды.
Төленген негізгі борыш сомасы - 7 335 933 000,00 (жеті миллиард үш жүз отыз бес миллион тоғыз жүз отыз үш мың) теңге 00 тиынды, ал төленген купондық сыйақы сомасы 403 476 315,00 (төрт жүз үш миллион төрт жүз жетпіс алты мың үш жүз он бес) теңге 00 тиынды құрады.