HTML:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың облигация (ISIN KZ2C00004083) ұстаушыларының жалпы жиналысының хатшысын сайлау туралы.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі облигациялардың екінші шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізу туралы (09.10.2017 жылғы №Е99-2 Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік).
«Банк ЦентрКредит» АҚ облигацияларын (ISIN KZ2C00004083) ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімдері сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын болады. Облигация ұстаушыларға (ISIN KZ2C00004083) хабар беру және сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді беру үшін алдын ала тізімді Орталық депозитарий 2020 жылғы 31 наурыздағы жай-күйі бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың облигацияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің деректерінің негізінде құрған. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың облигацияларын (ISIN KZ2C00004083) ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар облигация ұстаушылардың (ISIN KZ2C00004083) тізімін «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың облигацияларын (ISIN KZ2C00004083) ұстаушылардың жалпы жиналысы өтетін күнненн үш жұмыс күні бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің негізінде 2020 жылғы 24 сәуірдегі жай-күйі бойынша орталық депозитарий жасайды.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер облигация ұстаушыларға (ISIN KZ2C00004083) облигация ұстаушылардың (ISIN KZ2C00004083) тізімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырыс хаттармен жеткізіледі. Күн тәртібі бойынша материалдар бюллетеньдерге қоса беріледі.
Облигация ұстаушылар (ISIN KZ2C00004083) сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа тапсыратын ақырғы күн – 2020 жылғы 29 сәуір. «Банк ЦентрКредит» АҚ бюллетеньді тіркеген күн Облигация ұстаушы (ISIN KZ2C00004083) бюллетеньді тапсырған күн болып есептеледі. Көрсетілген мерзімнен кейін алынған бюллетень дауыстарды санаған кезде есепке алынбайды.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың облигацияларын ұстаушылардың (ISIN KZ2C00004083) жалпы жиналысының мәжілісін өткізбей-ақ сырттай дауыс беруге арналған дауыстарды есептеу жүргізілетін күн, Жабылатын күн – 2019 жылғы 30 сәуір.
Егер тиісті дәрежеде толтырылған бюллетеньдер барлық облигация ұстаушылардан (ISIN KZ2C00004083) бюллетеньдерді тапсыру аяқталатын белгіленген күннен ерте түссе, онда сырттай дауыс нәтижесін есептеу барлық облигация ұстаушылардан (ISIN KZ2C00004083) бюллетеньдер түскен күннен кейінгі келесі күні жүзеге асырылады.
Білгілеріңіз келген барлық сұрақтар бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (727) 256–099 (ішкі нөмірі: 12 191) телефон нөміріне немесе келесі мекенжай бойынша хабарласуды сұраймыз: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38-үй, 4-қабат, Қазынашылық департаменті (өзіңізбен бірге жеке тұлғаңызды куәландыратын құжат болуы қажет).