2024 жылдың 19 наурызында халықаралық S&P Global Ratings агенттігі ЦентрКредит Банкінің рейтинг бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгертті. Ұлттық шкала рейтингі «kzA-»-ден «kzA» деңгейіне жоғарылап, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингтері «BB-/B» деңгейінде расталды.
S&P сарапшылары Қазақстанның қаржы жүйесі үшін Банк ЦентрКредиттің өсіп келе жатқан маңызын, оның активтері мен несие портфелі бойынша елдегі үшінші ірі банк ретіндегі позициясын, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттері нарығының 10%-дан астам үлесін иеленетінін атап өтті.
«Болжамның оң болуы салалық тәуекелдерді төмендету және активтер сапасының тұрақты көрсеткіштерін сақтау кезінде алдағы 12-18 айда банк рейтингін көтеруге болады деген үмітімізді көрсетеді", - делінген S&P мәлімдемесінде.
Айта кетсек, өткен жылдың шілде айында S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ЦентрКредит Банкінің рейтингін BB- деңгейіне дейін көтерген еді.