Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Жаңалықтар 2024-08-13 09:56:03

ЦентрКредит Банкі Біріккен Ұлттар ұйымының Даму жөніндегі бағдарламасының (БҰҰДБ)қорытынды іс-шарасында «жасыл» жобаларға кредит беру тәжірибесімен бөлісті

Астана, 2024 жылғы 13 тамыз 

ЦентрКредит Банкі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму жөніндегі бағдарламасының (БҰҰДБ) «Жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) инвестиция салу кезінде тәуекелдерді азайту» атты қорытынды іс-шарасына қатысты. 

БҰҰДБ Қазақстандағы жасыл энергетика сеткорына инвестиция салу кезіндетәуекелдерді азайтуға бағытталған жоба нәтижелерін назарға ұсынды. Іс-шара барысында сарапшылар ЖЭК саласындағы жобаларды іске асырудағы тәжірибесімен бөлісіп, саланы дамыту перспективаларын және қаржылық және қаржылық емес қолдау механизмдерін әрі қарай енгізу жөніндегі жоспарларын талқылады. 

ЦентрКредит Банкі, «жасыл» жобаларды қаржыландыру бағдарламаларының белсенді қатысушысы ретінде «жасыл» жобаларға жауапкершілік таныта отырып, кредит беру саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.  Тұрақты даму жөніндегі (ESG) дирекцияның басшысы Арнур Ибраев банктің  ESG-трансформациясына, сондай-ақ банк қызметіне «жасыл» жобаларға жауапкершілік таныта отырып, кредит беруқағидаттарын енгізуге тоқталып өтті. Ол сондай-ақ ЕҚДБ-мен және БҰҰДБ-мен ЖЭК пен жасыл технологиялар саласында бірлескен бағдарламалардың табысты түрде іске асырылуын атап өтті. 

Банк осы жылы банктің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттар, іс-шаралар мен бастамалар кешенін қамтитын стратегиялық құжат болып табылатын климаттық стратегияны әзірлеп, бекітті. Баяндамада «жасыл» портфельдің өсу мақсаттарын анықтау тәсілі ұсынылды. 

БҰҰДБ-ның «ЖЭК-ке инвестиция салудағы тәуекелдерді азайту» жобасы туралы:

Жоба БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің серіктестік құруы арқылы, Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржылай қолдауымен іске асуда. Бұл жоба инвесторлар үшін қаржылық және қаржылық емес тәуекелдерді азайту есебінен ЖЭК –ке инвестиция салуды ынталандыруға бағытталған.

Өзге жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік
2025-11-10 10:40:00
#BlackEdition: оле-оле-оле!
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді