2024 жылғы 4 қыркүйекте ЦентрКредит Банкі «Ernst & Young – консультациялық қызметтер» (EY) компаниясымен бірлесіп, ірі бизнес саласындағы кәсіпкерлер үшін ESG және тұрақты даму мәселелері бойынша хабардар болушылықты арттыруға бағытталған семинар өткізді. The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде өткен іс-шараға 100 шақты қатысушы жиналды.
Шараны «Банк ЦентрКредит» АҚ Вице-президенті және Басқарма мүшесі Нұрлан Шегебаев құттықтау сөзімен ашты. Ол бизнес үшін ESG маңызын атап өтіп, банктің тұрақты даму саласындағы жетістіктерімен бөлісті.
«Соңғы жылдары тұрақты даму мәселелері жаһандық экономиканың негізгі мәселелеріне айналды. ESG қағидаттарын жүзеге асыру қоғам мен қоршаған ортаның болашағына қосқан үлесіміз ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді және табысты дамуға ұмтылатын әрбір компания үшін стратегиялық қажеттілік», - деді Нұрлан Шегебаев.
Сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің тұрақты даму жөніндегі директоры Арнұр Ибраев «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ESG-трансформациясының негізгі нәтижелеріне, соның ішінде Орта Азия банктерінің арасында бірінші болып қабылданған климаттық стратегияға, Банктің тұрақты даму жөніндегі алғашқы есебіне және халықаралық S&PGlobalCSA агенттігі берген жоғары ESG-бағаға жан-жақты тоқталып өтті. Бұдан бөлек тұрақты даму саласында жоспарланып жатқан өзгерістер мен олардың клиенттермен және серіктестермен жұмыс жасауға ықпалы атап өтіліп, ESG аясындағы қаржылық сектордың жаңа үміттеріне сәйкес болуға ұмтылудың маңыздылығы баса айтылды.
«Біздің компания ESG саласындағы жетістіктерімен бөлісе отырып, семинарға қатысуға қуанышты. ESG күн тәртібінің бизнес үшін маңызын көрсететін осындай іс-шараларды өткізу тамаша бастама деп есептейміз, өйткені ол ESG жетілу деңгейін арттырып, тұрақты даму саласындағы тәжірибе мен соңғы трендтермен алмасуға мүмкіндік береді. Компаниялар алған білімдерін болашақта ESG саласындағы қаржы секторының талаптарына дайындалу үшін пайдалана алады», - деп өз пікірімен бөлісті «АК Алтыналмас» АҚ ESG бөлімінің басшысы Тимур Мурсалимов.
Қазақстандағы ең ірі алтын өндіруші компаниялардың бірі ретінде «АК Алтыналмас» АҚ қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы озық тәжірибелерді белсенді түрде енгізуде.
ЦентрКредит Банкінің климаттық стратегиясын әзірлеуге қатысқан сарапшылар әлемдік және қазақстандық ESG-трендтерге шолу жасады. Олар ESG-тәуекелдерді басқару, тұрақты қаржыландыру мәселелерін қозғап, сонымен қатар қаржылық емес ақпаратты ашу және заманауи стандарттарға сай болуға ұмтылатын компаниялар үшін негізгі аспектілер болып табылатын ESG-рейтингтерге қол жеткізу мәселесін талқылады.
«Қайта өңделетін қаптама өндірумен айналысатын және тұрақты даму саласындағы бастамаларды белсенді түрде қолдайтын Ecolean Kazakhstan компаниясының өкілі ретінде, мен үшін семинарға қатысу өте қызық болды. ЦентрКредит Банкінің клиенттері бола тұра, біз банктің экодогия мен тұрақты даму саласындағы әрекеттерін бағалаймыз. Банктің осы бағытта нақты қадам жасап жатқаны – ерекше қуантарлық жағдай. Біз осы бағыттың дамуына септігін тигізетін болашақ бастамалар туралы көбірек ақпарат алып, олардың компаниямыз үшін қаншалықты тиімді болатынын түсінгіміз келеді», - деп Ecolean Kazakhstan компаниясының өкілі өзінің семинардан алған әсерімен бөлісті.
Аталмыш шара қатысушыларға тұрақты бизнес тәжірибесін енгізу компанияларға тұрақты дамудың жаңа тенденцияларына бейімделуге және нормативтік талаптарды сақтауға қалай көмектесетінін анық көрсетті. Атап өтерлік жайт, ЦентрКредит Банкі осындай іс-шараны алғашқылардың бірі болып өткізіп, өз клиенттерінің ESG саласында дамуын арттыруға және бүкіл бизнес-қоғамдастықтың тұрақты дамуына көмектесуде.
ҚР ҚНРДА 03.02.2020ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия