Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2020-03-16 00:00:00

ЦентрКредит Банкі өз қызметін қалыпты режимде атқарып жатыр

Баспасөз релизі

Алматы, 2020 жылғы 16 наурыз

   ЦентрКредит Банкі өз қызметін қалыпты режимде атқарып жатыр

   

Құрметті клиенттер мен серіктестер!

Қазақстан Республикасының аумағында 16.03.2020 ж. бастап 15.04.2020 ж. дейін төтенше жағдайлар (бұдан кейін – ТЖ) режимі енгізілуіне байланысты «Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан кейін – Банк) келесіні хабарлайды:

Банк бөлімшелері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Бөлімшелердің жұмыс кестесімен мұнда танысуға болады: https://www.bcc.kz/branches-and-atms/.


Банктің филиалдары Қазақстан Республикасының барлық облыстарында орналасқанын естеріңізге саламыз.


Келушілердің қауіпсіздігі үшін Банк жайларында қосымша антисептикалық қорғаныс құралдары орналастырылған, оларды бөлімшелердегі барлық тұлғалар: қызметкерлер де, келуші клиенттер де пайдалана алады. Сондай-ақ Банктің барлық жайларында арнайы дезинфекциялық құралдарды қолдану арқылы үш мезгіл тазалық жұмыстары жүргізіледі, ал ауа райының температурасы +15 С жететін өңірлерде жайлар тұрақты түрде желдетіліп, ауа тазартылады.


Адамдар көп жиналатын орындарға бармау туралы ұсынымдарға байланысты клиенттерге Банктің қашықтан қызмет көрсету арналарын пайдалануды ұсынамыз. Бұл StarBanking (жеке тұлғаларға арналған) және StarBusiness (заңды тұлғаларға арналған) мобильді қосымшалары, Интернет-банкинг жүйесінің десктоп нұсқасы (жеке және заңды тұлғаларға арналған), сонымен қатар банкоматтар мен ақпараттық-төлем терминалдарының кең желісі. Сонымен бірге ЦКБ клиенттеріне кредит бойынша төлемдерді Касса24 төлем терминалдары арқылы комиссиясыз төлеу мүмкіндігі қолжетімді.


Банк қызметтерін көрсетуге байланысты кез келген сұрақ туындаған жағдайда, Банктің call-орталығына хабарласуды өтінеміз, біздің білікті менеджерлеріміз кәсіби консультация береді.


Жеке тұлғалар үшін:


+7 (727) 244 30 30

505 – мобильді телефоннан тегін


Заңды тұлғалар үшін:


+7 (727) 244 30 44

605 – мобильді телефоннан тегін


Естеріңізге саламыз, қашықтан қызмет көрсету арналары арқылы келесі банк қызметтерінің барлығын алуға болады:


  • Барлық банктік шоттардағы / карталардағы қалдықтарды қадағалау;
  • Кредит бойынша берешекті және төлем жасау кестесін қарау;
  • Қызметтердің 2000-нан астам түрі үшін төлем жасау, сонымен қатар айыппұл және салық төлеу;
  • Өз шоттарыңыздың / карталарыңыздың арасында, 3-ші тұлғалардың шоттарына / карталарына банктің ішкі аударымдарын жүргізу;
  • Телефон нөмірі бойынша әп-сәтте ақша аудару;
  • Кез келген қазақстандық банктің немесе шетел банкінің картасына Р2Р аударымдарын жүргізу;
  • Деректемелер бойынша банкаралық ақша аударымдарын жүргізу;
  • Валюталарды айырбастау;
  • Виртуалды карта ашу;
  • Депозиттерді және ағымдағы шотты онлайн ашу;
  • Visa/Master Card/Union Pay карталарын шығару / қайта шығару;
  • Банкомат арқылы ақша алу үшін карта бойынша лимит белгілеу, интернет-транзакциялар жүргізу, сауда орындарында төлем жасау;
  • «SMS-хабарлама», «E-mail-хабарлама», «Ай сайынғы үзінді көшірме» қызметтеріне қосылу;
  • Картаны бұғаттау / бұғатты алып тастау;
  • Карта бойынша бұғатталған соманы нақтылап қарау;
  • Төлемдер мен ақша аударымдары тарихын қарау;
  • Картадан жақын жердегі банкоматты немесе банк бөлімшесін жылдам табу және т.б.


Барлық қосымша ақпарат Банктің ресми сайтында және қаржы институтының әлеуметтік желілердегі аккаунттарында тез арада орналастырылатын болады. Біздің жаңалықтарымызды бақылап жүріңіздер.

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-10-07 13:00:00
ISO 20022 стандартындағы өзгерістер
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды