Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2015-09-22 21:00:00

ЦентрКредит Банкі әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерін қаржыландыру үшін ЕҚДБ-дан 1 860 млн теңге мөлшерінде қарыз алды.

ЦентрКредит Банкі (ЦКБ) мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерін қаржыландыру үшін жалпы сомасы 3 720 млн теңге мөлшерінде 5 жыл мерзіміне 2 траншты тарту туралы несиелік келісім жасасты. Қарыз қаражаты "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың кепілдігімен ресімделді.


Қаражаттың басым бөлігі (60%-дан кем емес) Қазақстанның барлық өңірлерінде (Алматы және Астана қалаларынан бөлек) орналастырылатын болады.


Бағдарлама шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкер Әйелдерге қолдау көрсетуге бағытталған және Банктің ішкі әлеуетін, шағын және орта бизнесті несиелеу, тәуекелдіктерді басқару, қызметкерлерді оқыту процедураларын күшейтуді көздейтін техникалық қолдаумен сүйемелденетін болады.


Несие берудің негізгі талаптары: 

  • Ең жоғары сомасы: 550 млн теңгеге дейін;
  • Мерзімі: 5 жылға дейін;
  • Мөлшерлемесі: жылдық 14%;
  • Пайдаланылу мақсаты: инвестициялау, айналымдағы капиталды толықтыру, бұрын басқа банктерден және несие беру ұйымдарынан алынған қарыздарды қайта қаржыландыру.


– Біз ұлттық валютамен несие берудегі тапшылық жағдайында ЕҚДБ -дан алынған аталмыш желінің ЦентрКредит Банкіне кәсіпкер әйелдерге елеулі қолдау көрсетуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бүгінгі нарықтық қысылтаяң жағдайында мұндай көмек бизнеске жұмыс орындарын сақтап қалуға да септігін тигізбек, – деп хабарлады ЦКБ Басқармасының Төрағасы Владислав Ли.


– Еуропалық қайта құру және даму банкінің "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы бойынша серіктес ретінде басқа қорды емес, дәл "Даму" қорын таңдауына әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру бойынша біздің өз бағдарламамызды сәтті іске асыру тәжірибеміз де септігін тигізді. Бүгінгі таңда "Даму" қоры кәсіпкер әйелдер 12 млрд теңгеге жуық сомаға жүзеге асырған 1,5 мыңдай жобаны қаржыландырып отыр. Олар 1000-ға жуық жұмыс орнын ашты. ЕҚДБ беретін қарыз әйелдердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың дамуына жаңа серпін беретін болады, бұл жағдай тұтастай алғанда экономикамызға, сапалы өнімдер шығаруымызға және еліміздің бюджетіне түсетін салық түсімдеріне оң әсерін тигізбек, – деп мәлімдеді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқармасының Төрайымы Ляззат Ибрагимова. 


– ЕҚДБ Қазақстан еліне арнап мемлекеттегі әйелдер кәсіпкерлігін көтеру үшін, әйелдердің ұлттық валютамен ұзақмерзімді қаржыландыруға, алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық әзірлемелерге, сонымен қатар бизнесті дамыту бойынша қаржылық емес қызметтерге қол жеткізуі үшін «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасының негізін қалады. Осындай бағдарлама әйелдер басқаратын кәсіпорындардың тең мүмкіндіктерге ие болуына, жаңа жұмыс орындарын ашуына, экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесуіне және Қазақстанның шағын және орта бизнес секторының бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған, – деп түсіндірді Қазақстан бойынша ЕҚБД директоры Джанет Хэкман.

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-10-07 13:00:00
ISO 20022 стандартындағы өзгерістер
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды