Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2022-01-21 00:00:00

ЦентрКредит Банкі ЕҚДБ-мен бірге Қазақстанда жиһаз нарығын кеңейтуге көмек көрсетеді

«Банк ЦентрКредит» АҚ пен ЕҚДБ Қазақстандағы бизнесті қолдау үшін жаңа қаражат ұсынуға дайын. Ортақ жобаның аясында ірі жиһаз өндірушілер мен дистрибьютерлердің бірі ҚӨК Зета компаниясына бизнесті кеңейтуге қолдау көрсетіледі.ЦентрКредит Банкі компанияның флагмандық дүкенінің сауда алаңдарын 10,000 ш.м. дейін ұлғайтуға және Алматы қ. жабдық сатып алуға 600 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз береді. Компания үйге және офиске арналған жиһазды, сондай-ақ үйге арналған заттарды қосқанда, өз өнімдерін іске асыруды арттыра алады. Аталған жоба бойынша тәуекелдің жартысын екі банктің арасында қол қойылған Тәуекелдерді бөлу туралы келісімнің аясында ЕҚДБ өтейтін болады.


Кредит Жаһандық экологиялық қор қаржыландыратын, климаттың өзгеру салдарын жеңілдету және климаттың өзгеруіне бейімделу саласында технологияларды беруді қамтамасыз етуге арналған «Ресурс тиімділігін трансформациялау бағдарламасы» атты ЕҚДБ бағдарламасын қолдау аясында беріледі. 112,084 АҚШ доллары мөлшеріндегі грант энергия үнемдеу технологияларын ендіруді қаржыландыратын болады.

Алматы қаласында жобаның құрылысы аяқталғаннан кейін «Зета» ҚӨК жыл сайын су тұтынуды 6,000 куб метрге азайтуға, сонымен қатар CO2 қалдықтарын 368 тоннаға азайтуға өз үлесін қосады деп күтілуде.Айта кетсек, «Зета» ҚӨК Қазақстандағы ірі жиһаз өндірушілер мен дистрибьютерлердің бірі болып табылады. «Зета» ҚӨК компаниясы 1996 жылы құрылып, Қазақстан тұтынушыларына өзі өндіретін жиһазды ұсынады, сонымен қатар еліміздің барлық аумағы бойынша онлайн сауда алаңдары бар 50 бөлшекті дүкенге иелік етеді.


ЦентрКредит Банкі туралы

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 125 құрылымдық бөлімшесі арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді.  Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.

Өнімдер желісі бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:

505 – жеке тұлғалар үшін мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін.

605 – заңды тұлғалар үшін мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін.

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
2024-09-27 10:59:52
Құрметті клиенттер!
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды