ЦентрКредит Банкі клиенттерге ыңғайлы болу үшін депозиттік өнімдер желісін жеңілдетті. Жаңа қағидалар 10.02.23 жылдан бастап күшіне енеді. «Менің мақсатым» және «Рахмет» салымдарын енді тек 3, 6 немесе 12 айға, ал «Чемпион» салымын 13 немесе 24 айға ашуға болады. Банк енді «Рахмет+», «Эталон» және «Эталон+» салымдарын ашпайды.
Қосымша хабарлаймыз:
Қолданыстағы «Эталон» және «Эталон+» салымдары шартқа сәйкес сол мерзімге тағы бір рет ұзартылады, содан кейін олар қайта ресімдеу сәтінде қолданыста болған сыйақы мөлшерлемесімен автоматты түрде 13 ай мерзіміне «Чемпион» депозитіне қайта ресімделеді. Егер ұзарту мүмкін болмаса, қолданыстағы «Эталон» және «Эталон+» салымдары шартқа сәйкес мерзімі аяқталғаннан кейін жабылады.
Өзекті салым түрлерінің шарттары туралы толық ақпаратты білу үшін 505 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе https://www.bcc.kz/fizical/depozity/ сайтына кіріңіз.