Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Жаңалықтар 2019-02-07 00:00:00

ЦентрКредит Банкі «Suńqar» Мезеттік төлемдер жүргізу жүйесі бойынша ақша аудару қызметін іске қосты

Құрметті клиенттер!

Енді ЦКБ клиенттері банктік шотқа байланыстырылып тіркелген телефон нөмірі бойынша ақша қаражатын аудара алады.

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы  (бұдан кейін – Банк) «Suńqar» Мезеттік төлемдер жүргізу жүйесі (бұдан кейін – Жүйе) бойынша ақша аудару қызметін өндірістік пайдалануға ендіргенін хабарлайды. Жүйе қазақстандық ЕДБ клиенттерінің арасында 24/7 режимінде ұлттық валютамен ақша аударуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Жүйеге 3 банк: ЦентрКредит Банкі, Altyn Bank және Еуразиялық банк қосылған. Алдағы уақытта ҚР ҰБ Жүйеге қатысушы қаржы институттарының санын арттыруды жоспарлап отыр.

Ақша аударымын жөнелту үшін Банктің клиенттері «StarBanking» қашықтан қызмет көрсету жүйесінде авторизация жасап, келесі параметрлерді толтыруы қажет:


  • алушының мобильді телефон нөмірі;
  • алушы банкінің атауын таңдау;
  • төлем сомасы.


Сонымен бірге ақша қаражатын алушының телефон нөмірі Жүйеге қатысушы банктің жүйесінде тіркелген болуы тиіс. Төлем шотқа әп-сәтте есептеледі. Сервис тәулік бойы қолжетімді. Ақша аударымының ең жоғары сомасы 500 мың теңгені құрайды.

ҚР басқа банктерінің клиенттерінен телефон нөмірі бойынша ақша аударымын алу үшін ЦКБ клиенттері «StarBanking» жүйесінде өзінің телефон нөмірін ақша қаражаты түсуі тиіс ағымдағы шотқа/картаның ағымдағы шотына байланыстырып тіркеуі тиіс.

Сондай-ақ қазіргі сәтте ақша аударымын жөнелту қызметі «StarBanking» қосымшасының веб/десктоп нұсқасы - m.bcc.kz. сайтында қолжетімді екенін хабарлаймыз. Мобильді қосымшаларда сервис жақын уақытта іске қосылады. 

Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды өтінеміз:

Call Center   +7 (727) 244 30 30

505 (мобильді телефоннан тегін)

Өзге жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік
2025-11-07 16:45:00
Плановые технические работы 10 ноября 2025 года
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді