ЦентрКредит Банкі UnionPay қолдауымен Қытайда және басқа елдерде тауарлар мен қызметтер ақысын төлеуге мүмкіндік беретін QR-төлемдер сервисін іске қосты. Бұл сервис Қытайдағы 100 миллионнан астам сауда орнында QR-код арқылы төлем жасауды қолдайды, соның ішінде елдегі ең кең таралған QR-төлем әдістерінің бірі – Weixin Pay (Қытайдағы WeChat Pay) жүйесінің барлық QR-код түрін қамтиды. Функция bcc.kz мобильді қолданбасында жұмыс істейді және қосымша сервистерді орнатуды қажет етпейді.
Қытайдағы сауда орындарының басым бөлігі UnionPay QR-коды арқылы төлем қабылдайды. Төлем жасау үшін bcc.kz мобильді қолданбасын ашып, «QR арқылы төлеу» бөліміне өту жеткілікті. Одан кейін төлем әдістерінің бірін таңдауға болады:
Сервисті UnionPay халықаралық желісінде шығарылған #DragonCard және #GoldCard карталарының иелері пайдалана алады.
«Қытай – қазақстандықтар үшін туристік және іскерлік сапарлардың ең танымал бағыттарының бірі болып қала береді. Елдегі есеп айырысу операцияларының басым бөлігі мобильді төлемдер арқылы жүзеге асады, ал дәстүрлі қолма-қол ақша іс жүзінде қолданылмайды, бұл цифрлық сервистердің ыңғайлылығын растайды. UnionPay-мен интеграция трансшекаралық төлемдердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, шетелде карталарды пайдалануды жеңілдетеді және Қазақстан мен Қытайдың төлем жүйелері арасында сенімді цифрлық көпір қалыптастырады», – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бөлшекті бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Жұлдыз Қайыржанова.
UnionPay халықаралық ынтымақтастықты дамытып, пайдаланушы тәжірибесін жетілдіріп келеді. Қытайдағы Weixin Pay-дің барлық QR-коды UnionPay желісіне толық интеграцияланған. QR-төлемдер сервисі қазірдің өзінде 48 ел мен өңірдегі 150 миллионнан астам сауда орнында жұмыс істейді, оның ішінде материктік Қытай, Гонконг, Макао, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да мемлекеттер бар.
Сервис туралы толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы қараңыз.
ҚР ҚНРДА берген 03.02.2020 ж. № 1.2.25/195/34 лицензия