Ригада өткен EBRD-дің 35-ші жылдық жиыны мен бизнес-форумы аясында ЦентрКредит Банкі EBRD-дің (Еуропалық қайта құру және даму банкінің, ЕҚДБ-ның) Trade Facilitation Programme Award сыйлығының «2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең белсенді эмитент-банк» номинациясын жеңіп алды.
Бұл номинацияның жеңімпазы TFP бағдарламасы аясында жүргізілген кепілдік транзакциялардың саны бойынша анықталады. Бұл ЦентрКредит Банкінің Қазақстандағы бағдарламаға қатысушы банктер арасында сауданы қаржыландыру операцияларының ең үлкен көлемін қамтамасыз еткенін білдіреді. Оған құжатталған аккредитивтер, төлем кепілдіктері мен клиенттердің сыртқы сауда мәмілелерін қорғайтын басқа да құралдарды шығару кіреді.
«Бұл марапат – халықаралық қаржы институттары сенімінің және командамыздың клиенттердің сыртқы сауда бизнесін дамытуға қосқан практикалық үлесінің айғағы. Біз қазақстандық кәсіпкерлердің шетелдік серіктестерімен сенімді жұмыс істеп, жаһандық нарықта өз әлеуетін іске асыруы үшін сауданы қаржыландыру құралдарын одан әрі кеңейтуді жалғастырамыз», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің вице-президенті Нұрлан Шегебаев.
EBRD-дің Trade Facilitation Programme бағдарламасы қазақстандық бизнес үшін шетелдік контрагенттермен жұмыс істеген кезде тәуекелдерді азайтады: ЕҚДБ халықаралық растаушы банктерге кепілдіктер бере отырып, төлем жасамауға қатысты коммерциялық және саяси тәуекелдерді өз мойнына алады. Бұл кәсіпкерлерге экспорт-импорт операцияларын анағұрлым тиімді шарттармен жүргізуге және мұндай қолдаусыз қол жеткізу қиын болатын нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
ЦентрКредит Банкі қазақстандық бизнестің шетелдік серіктестермен жұмысында алтын көпір бола отырып, халықаралық есеп айырысуға және сауданы қаржыландыруға арналған шешімдерді қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызметке арналған өнімдер желісін жоспарлы түрде дамытып келеді.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия