2024 жылғы 6 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) серіктестікте және БҰҰ-ның «Тұрақты қор биржалары» (SSE) бастамасы аясында жыл сайынғы Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу рәсімін өткізді. Іс-шара тұрақты даму және ESG-қағидаттары саласындағы гендерлік инклюзивтілік пен теңдіктің маңыздылығын атап өтті.
Шақырылған спикерлер қатарында «Банк ЦентрКредит» АҚ Вице-президенті Нұрлан Шегебаев сөз сөйледі. «Invest in Women: Accelerate Progress» пікірталасына ерекше көңіл бөлінді. Талқылау аясында банк әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, ESG стратегиясын іске асыру және ұйым ішіндегі гендерлік теңдікке жәрдемдесу бойынша тәжірибесімен бөлісті.
«Бүгін пікірталас аясында әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың маңыздылығы атап өтілді, бұл ESG стратегияларын іске асыруға және біздің банк ішінде гендерлік теңдікті ілгерілетуге ықпал етеді. Қазірдің өзінде жүргізіліп жатқан жұмыс біздің қоғамда айтарлықтай өзгерістерге әкелетінін, мүмкіндіктердің теңдігін қолдап, әйелдердің экономикадағы рөлін нығайта түсетінін көріп отырмыз», – деп Нұрлан Шегебаев өз ойымен бөлісті.
Сауда-саттықтың ашылу рәсімін өткізу қазақстандық қаржы қоғамдастығы мен KASE-нің халықаралық деңгейде гендерлік теңдік идеалдарын ілгерілетуге бейілділігін жетінші рет көрсетіп отыр.