Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2017-06-07 00:00:00

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғашқы кредит берілді

Владислав Ли: Біз клиенттерге жедел сервис көрсету және сапалы кеңес беру арқылы  "Нұрлы жер" бағдарламасының сәтті іске асуына қолдау көрсетуге дайынбыз.

Бүгін ЦентрКредит Банкі Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірге "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында алғашқы кредитті берді. Тараптар алматылық клиентпен  Қарыз шартын жасасып, қол қойды. Қазақстанның тағы 3 қаласында – Астанада, Ақтауда және Оралда банк клиенттері осы бағдарлама бойынша қолжетімді жаңа баспана сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

– Бұл бағдарламаның өзектілігі мен маңыздылығын атап өткім келеді. "Нұрлы жер" ипотекасы – бұл мемлекеттің кредиттеудің ипотекалық нарығын қалпына келтіруге және экономиканың құрылыс секторын жандандыруға бағытталған заманауи әлеуметтік бағдарламасы. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында ипотекалық кредит алу кезінде қарыз алушы үшін ай сайынғы төлемдер бойынша қаржылық жүктеме елеулі түрде төмендетіледі, – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің төрағасы Владислав Ли.

Қазақстан ипотекалық компаниясының сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялауы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының арқасында мүмкін болып отырғандығын естеріңізге сала кетейік. Бағдарламаның талаптары бойынша тұрғын үй объектілерін салу кезеңінде құрылыс салушының сыйақысының бір бөлігі субсидияланады, сонымен қатар ипотека арқылы түпкілікті тұрғын үй сатып алушы үшін де сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады. Соның нәтижесінде клиент ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі + 5%-дан құралатын жалпы сыйақы мөлшерлемесінің тек жылдық 10% өтеп отырады.

Осы бағдарламаның арқасында енді халықтың көпшілік бөлігі де қолжетімді және қолданысқа енгізілген жаңа баспанаға ие бола алады.


Қарыз берілетін ең үлкен мерзім – 15 жыл, субсидиялау мерзімі – 10 жыл.

Алматы және Астана қалалары үшін қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн. теңге, барлық қалған өңірлер үшін – 15 млн. теңге.


Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:


  1. Бұрын қолданыста болған басқа ипотекалық мемлекеттік бағдарламалармен (мысалы, Самұрық-Қазына қорының тек бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері мен халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бағдарламасы) салыстырғанда, ешбір шектеусіз халықтың басым көпшілігі үшін қолжетімді.
  2. Сатып алынатын мүлікке ерекше талаптар қойылмайды. Басты параметр – қолданысқа енгізілген жаңа баспана болуы тиіс.   
  3. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаған кезде клиент төлейтін төлемақы 40%-ға дейін төмендетіледі.
  4. Ипотекалық кредитті ресімдеу кезінде Банк комиссия алмайды.


– Жалпы алғанда, аталмыш бағдарлама бойынша үлкен перспективаларды көріп тұрмын және оператор банк ретінде біз клиенттерге жедел сервис көрсету және сапалы кеңес беру арқылы бағдарламаның сәтті іске асуына толық қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп ақпарат берді ЦКБ басшысы.


Қосымша ақпарат алу үшін "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың баспасөз қызметіне хабарласуды өтінеміз. Байланыс телефоны: +7 727 2598603, asel.durbaeva@bcc.kz

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
2024-09-27 10:59:52
Құрметті клиенттер!
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды