Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2016-07-01 00:00:00

Айналыстағы ұлттық валюта теңге банкноттарын ауыстыру туралы ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттардың айналыста болуының аяқталуы туралы қосымша хабарлайды. Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады.


Бұл банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.


Одан кейін 12 ай ішінде – 2016 жылғы 4 қазан – 2017 жылғы 3 қазан аралығында қоса алғанда – көрсетілген купюралар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуға тиіс.


ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2020 жылғы 3 қазанға дейінтегін, комиссия немесе айырбастау үшін ақы алмай қабылданады.



 Филиал Мекенжайы
Орталық филиал 010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 21 
Ақмола филиалы 020000, Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 214 
Алматы қалалық филиалы 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 98 
Алматы облыстық филиалы 040008, Талдықорған қ., М. Төлебаев к-сі, 58/64 
Атырау филиалы 060002, Атырау қ., Уәлиханов к-сі, 2а 
Ақтөбе филиалы 030006, Ақтөбе қ., Асау-Барақ к-сі, 45 
Шығыс Қазақстан филиалы 070019, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 3 
Жамбыл филиалы 080000, Тараз қ., Қазыбек-би к-сі, 137 
Батыс Қазақстан филиалы 090000, Орал қ., Досмұхамедов к-сі, 16 
Қызылорда филиалы 120015, Қызылорда қ., Б. Асқар к-сі, 30 
Қостанай филиалы 110000, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195 
Қарағанды филиалы 100000, Қарағанды қ., Бұхар-Жырау к-сі, 19 
Маңғыстау филиалы 130000, Ақтау қ., 23-шағынаудан 
Павлодар филиалы 140000, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к-сі, 44 
Солтүстік Қазақстан филиалы 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 6 
Оңтүстік Қазақстан филиалы 160012, Шымкент қ., Төреқұлов к-сі, 2 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Банкноттарды қабылдау мен айырбастаудан бас тартудың барлық фактілері туралы Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 259 68 14 телефоны бойынша хабарласуға болады.


Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған байланыс телефондары: +7 (727) 2704-585, +7 (727) 3302-497.


Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-10-07 13:00:00
ISO 20022 стандартындағы өзгерістер
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды