2024 жылғы 15 қарашада Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі өтті. Іс-шараны Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастырды. Конгреске жетекші қаржы институттарының өкілдері қатысып, орнықты даму мен ESG-қағидаттарын енгізудің негізгі мәселелерін талқылады.
ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Руслан Владимиров Конгрестің іскерлік бағдарламасы аясында «Қаржы секторындағы ESG күн тәртібі: үміт, нәтиже, болжам» панельдік сессиясында сөз сөйледі. Сессияда ҚНРДА төрағасы Мәдина Әбілқасымова модератор болды. Ол климаттың өзгеруін, орнықты жобаларға жасалатын инвестицияның өсуін және жасыл қаржыландырудың халықаралық стандарттарын дамытуды қоса алғанда, жаһандық сын-қатер жағдайында ESG өзектілігіне ерекше көңіл аударды.
Өз баяндамасында Руслан Владимиров заңнамалық бастамалардың және реттеуші тарапынан ESG-стандарттарын енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ол ЦентрКредит Банкінің ESG-трансформациясы жобасының нәтижелерімен бөлісіп, банктің осы саладағы ортамерзімді перспективадағы басымдықтарын белгіледі. ЦКБ президенті орнықты жобаларды іске асыруға ықпал ететін мотивациялық тетік құру үшін мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына басты назар аударды.
Сессияға Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Қазақстан даму банкінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қатысты. Талқылау барысында олар инвестиция тарту үшін ESG-қағидаттарының маңыздылығын, сондай-ақ орнықты даму бойынша бизнестің хабардарлығы мен мүдделілігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі ESG және жасыл қаржыландыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тиімді шешімді іздестіру алаңына айналды. ЦентрКредит Банкі елдің экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан жауапты болашағын құруға үлес қоса отырып, орнықты даму стратегиясын ұстануды жалғастырады.