Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2020-02-28 00:00:00

ЦентрКредит Банкінің AQR қорытындысына қатысты пікірі

Баспасөз релизі

Алматы, 2020 жылғы 28 ақпан

ЦентрКредит Банкінің AQR қорытындысына қатысты пікірі

«Банк ЦентрКредит» АҚ активтерінің сапасын тексерудің қорытындысына қатысты келесіні хабарлаймыз:

Банк AQR өткізуді және оның нәтижелерін оң қабылдады, себебі бұл қаржы секторының жай-күйін бағалау бойынша әлемдік тәжірибе болып табылады, ол банктің балансындағы активтердің сапасын шынайы бағалауға және растауға мүмкіндік береді.

Біз әуел бастан оң көзқараста болдық. Сапалы әрі ашық бағалау, біздің ойымызша, банк жүйесіне деген сенімді арттыруға көмектеседі, бұл өз кезегінде құбылмалылықты азайтып, экономиканы кредиттеуді қалпына келтіруді жылдамдатады, өтімділік тәуекелін азайтады және банк жүйесінің даму әлеуетін болжауды жақсартады. Біз үшін AQR қорытындысы кредит портфелінің сапасын бағалаудың әдістемелік аспектілерін біркелкілендіруге және болдырмауға мүмкіндік беретін алдағы уақыттағы түзетуші шаралар ретінде негізгі көрсеткіш болып табылады.

Ұсынылған провизияның бағасы 01.01.2020 ж. жай-күйі бойынша 26,4 млрд теңгені құраған, оның 5,8 млрд теңгесін Банктің акционерлері үш айдың ішінде қосымша капиталдандырады. Қалған 20,6 млрд теңгеге нарықтық талаптармен 5 жыл мерзіміне Проблемалы кредиттер қорының кепілдігі ұсынылған. Сондай-ақ 2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында Банк 26,4 млрд теңгенің 5 млрд теңгеден жоғары сомасына провизия құрып қойды.

Қолданылған шаралар Банкке провизия құру, кредиттерді қайтару және/немесе кепіл мүлкін жақсарту есебінен осы активтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 82 млрд теңге деңгейіндегі операциялық кірісті есепке ала отырып, Банк бұл соманы бір жылдың ішінде бөле алады және біз мұны іске асыруды жоспарлап отырмыз.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі бойынша провизия дефициті 59,7 млрд теңгені құрады, оның 33,3 млрд теңгесі бір жыл ішінде өтелді (өтеу, провизия құру және т.б.), бұл Банктің жоғарыда көрсетілген провизиялар мөлшерін құра алатынын көрсетеді.

Қазіргі сәт бойынша: Банктің жағдайы тұрақты, клиенттер алдындағы міндеттемелер бұған дейін де орындалған және алдағы уақытта да толық көлемде орындалады. Сондай-ақ пруденциалды нормативтер мен реттеушінің нормалары толықтай орындалып жатыр. Біз болашаққа сенімділікпен қараймыз.

«AQR өткізілгеннен кейін индустриялық инвесторлар мен депозиторлар тарапынан активтердің сапасына деген сенім айтарлықтай артады, өйткені оны халықаралық деңгейдегі тәуелсіз консалтинг компаниясы жүргізген және ол өткеннен кейін Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктерге қатысты қандай да бір жорамалдар мен қауесеттер жойылады, – деп AQR қорытындылары жөнінде пікір білдірді ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов.

Банк соңғы екі жыл ішінде бизнес-модельдерді жақсарту, өз қызметінің тиімділігін арттыру және тәуекелдерді басқару жүйесін жақсарту бойынша белсенді жұмыс атқарды. Бұл оның кірістілігі пен рентабельділігінің динамикалық өсімі трендін жақсартуға, сондай-ақ қаржылық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етті. Кірістілік өсімі маржиналдылығы жоғары өнімдерге назарды арттырып, несиелік портфель құрылымын тиімді басқарудың және қор құру құнын төмендетудің нәтижесінде орын алды. Бүгінгі таңда Банктің несиелік портфелінің теңгерімі реттелген және сараланған болып табылады. Өтімділік көрсеткіштері жоғары деңгейді көрсетеді.

Таза операциялық кіріс 2019 жылы 9%-ға, 82 млрд теңгеге дейін өсті.

Таза пайыздық кіріс 30%-ға өсіп, 60 млрд теңгені құрады. Банктің пайыздық кірісінің өсімі кірісі жоғары сегменттерді кредиттеу көлемін арттыруға, сондай-ақ пайыздық шығыстарды азайтуға байланысты.

Таза пайыздық маржаның өсімі жалғасуда, ол 2019 жылы 3,0%-дан 4,1%-ға дейінгі өсім динамикасын көрсетті.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Банк өзінің нарықтағы позициясын сақтап қалды, оның ішінде 01.01.2020 жылғы жай-күйі бойынша ЦентрКредит Банкі активтері мен несиелік портфелінің көлемі (сәйкесінше 1 470 және 992 млрд теңге) бойынша ЕДБ ішінде үздік бестікке кіреді.

Алдын ала шоғырландырылған есептілік

Жеке қаржылық есептілік

___________________________________

Қосымша ақпарат:

Дубровина Инна – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің PR-бағытының жетекшісі

Тел. +7 7769843663

inna.dubrovina@bcc.kz

Егорин Андрей – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің аға сарапшысы

Тел. +7 777 7731099

andrey.yegorin@centercredit.kz

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
2024-09-27 10:59:52
Құрметті клиенттер!
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды