Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2016-09-08 00:00:00

Бірінші кредиттік бюро Қазақстанның атынан "Халықаралық кредиттік бюро күні (International Credit Bureau Day)" әлеуметтік акциясына қатысады

Кредиттік бюро күні – әлемнің 20-дан астам елінің Creditinfo тобынна кіретін кредиттік бюролары арасында өткізілетін кең ауқымды әлеуметтік акция. Бұл күні кредиттік бюро ШОБ үшін корпоративтік несиелік есептерді және ҚР азаматтары үшін жеке несиелік есептерді тегін ұсынады. Биыл Кредиттік бюро күні 22 қыркүйекте өткізілмек.


Акция барлық кәсіпкерлердің назарын несие тарихының маңыздылығына, төлем жасау тәртібін қалыптастыруға және қарыз алушылар, кәсіпкерлер мен несие ұйымдары арасында байланыс орнатуды реттеуге аударады.


Бизнес үшін:


22 қыркүйектен 22 қазанға дейін алдын ала тіркеу арқылы өзіңіздің корпоративтік несиелік есебіңізді (КНЕ) тегін алуға болады.


ШОБ желісі бойынша акцияның серіктесі: "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.


Егер кең ауқымды халықаралық Кредиттік бюро күні акциясына қатысқыңыз келсе, тіркеу нысанын толтырып жіберуіңізді өтінеміз.


Акцияға қатысушыларға арналған жадынама:

  1. Акцияға Қазақстан Республикасының кез келген кәсіпкері қатыса алады. Жеке кәсіпкерлер де акцияға қатысуға құқылы.
  2. Сіз бір ғана заңды тұлға үшін, бір ғана тіркеу нысанын толтыра аласыз.
  3. Тіркеу деректері шынайы болуы керек. Корпоративтік несиелік есеп компанияның Электронды сандық қолтаңбасы расталғаннан кейін жүргізіледі. Тіркеу деректерінде БСН, сондай-ақ электронды сандық қолтаңба шығарылған сенімді тұлғаның ЖСН нөмірлері көрсетілуі тиіс.
  4. Есеп сұрау жасалған күнгі жай-күйі бойынша Бірінші кредиттік бюро www.1cb.kz порталының Жеке кабинетінде 2016 жылғы 22 қыркүйектен бастап 22 қазанға дейін қалыптасады. Қосымша сұрақтарыңыз болса, БКБ day@1cb.kz сервис-орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Егер кең ауқымды халықаралық Кредиттік бюро күні акциясына қатысқыларыңыз келсе, Бірінші кредиттік бюроның https://www.1cb.kz/icbd порталында тіркеу нысанын толтыруды өтінеміз.


Жеке тұлғалар үшін:


Жеке тұлғалар тек 22 қыркүйекте өздерінің жеке несиелік есебін (ЖНЕ) тегін ала алады. Жеке несиелік есепті Бірінші кредиттік бюроның барлық трансфер-агенттік бөлімшелерінде алуға болады*.


Акцияның серіктесі: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" – ХҚО департаменті" КЕАҚ.


Өзіңіздің тегін Жеке несиелік есебіңізді:

  • Қазақстан бойынша ХҚО-ның 83 бөлімшесінен және Алматы облысы бойынша "Қазпошта"АҚ бөлімшелерінен (мекенжайын БКБ-нің www.1cb.kz сайтынан білуге болады);
  • www.egov.kz порталынан;
  • www.1cb.kz сайтынан;
  • БКБ-нің мобильді қосымшаларынан;
  • Алматыда БКБ офисінен алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 (727) 3000 150 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-10-07 13:00:00
ISO 20022 стандартындағы өзгерістер
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды