Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Новости 2023-12-14 15:45:00
Салық міндеттемелеріне шолу: Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны не білуі тиіс

Қазіргі әлемде салық жүйесі – жете назар аударып, түсінуді талап ететін азаматтар өмірінің маңызды бөлігі. Салық міндеттемелері мүлікті, көлік пен кірістерді қоса алғанда, әртүрлі салаларға қатысты болуы мүмкін. Бұл мақалада біз Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе отырып, ҚР-да жеке тұлғалар өздерінің салық міндеттемелерін қалай қадағалай алатыны, салық сомасын, салықтан босатылғанын біле алатыны және басқа да маңызды аспектілер туралы өзекті сұрақтарға жауап береміз.


1. Жеке тұлға салық бойынша берешегін қайдан көре алады?
Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталының «Электрондық сервистер» бөлімінде, сондай-ақ «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында (AppStore және PlayMarket дүкендерінен жүктеп алу) тексеруге болады.

2. Мүлік салығының сомасын қайдан білуге болады және оны қалай төлеуге болады?

Жеке тұлғалардың мүлік салығының есептелген сомасы туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталының «Электрондық сервистер» бөлімінде - «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» бөлімінен, сондай-ақ «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» сервисінен (AppStore және PlayMarket дүкендерінен жүктеп алу) білуге болады.
Көлік, мүлік және жер салығын қоса алғанда, салық төлеу, сондай-ақ BCC.KZ қосымшасын (AppStore және PlayMarket  дүкендерінен жүктеп алу) пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін, онда «Төлемдер» - «Бюджетке төленетін төлемдер, айыппұлдар және төлемдер» бөлімінде заңды әрі жеке тұлғалардың деректемелері бойынша салық бойынша төлем жасау мүмкіндігі ұсынылған.

3. Зейнеткерлер мүлік салығын төлеуден босатыла ма?

Бөлек тұратын зейнеткерлер үшін мүлік салығын төлеуден босату меншік құқығындағы барлық объектінің жалпы құнының 1 000 еселенген АЕК мөлшерінде қарастырылған (ҚР Салық кодексінің 526-бабы).

4. Көп балалы аналар немесе көп балалы ата-аналар мүлік салығын төлеуден босатыла ма?

«Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар үшін мүлік салығын төлеуден босату меншік құқығындағы барлық объектінің жалпы құнының 1 000 еселенген АЕК мөлшерінде қарастырылған (ҚР Салық кодексінің 526-бабы).

5. Мүгедектігі бар тұлғалар мүлік салығын төлеуден босатыла ма?

Мүгедектігі бар тұлғалар үшін мүлік салығын төлеуден босату меншік құқығындағы барлық объектінің жалпы құнының 1 500 еселенген АЕК мөлшерінде қарастырылған (ҚР Салық кодексінің 526-бабы).

6. Көлік салығын қайда және қалай төлеуге болады?

Жеке тұлғалардың салық төлеуі жеке тұлғаның тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша жүргізіледі (Салық кодексінің 494-бабы).

7. Жеке тұлғалардың көлік құралына салықты қалай және қайда өз бетінше есептеуге болады?

Көлік құралына салық сомасын kgd.gov.kz порталының «Электрондық сервистер» - «Калькулятор» - «Көлік құралына салықты есептеу» бөлімінде немесе «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалана отырып өз бетінше есептеуге болады. Автоматты есептеу үшін тиісті жолдарды толтырыңыз.

8. Неге жеке тұлғалардың мүлік салығының сомасы жыл сайын өзгеріп отырады?

Мүлік салығының сомасы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің негізгі құнын, тұрғын үйдің пайдалы алаңын және аймаққа бөлу коэффициентін ескере отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ анықтайтын мүлікті бағалауға байланысты (ҚР Салық кодексінің 529-бабы).

9. Мүлік салығын қате төледім. Бұл төлемді басқа тұлғаға есептей аламын ба?

Артық төленген (өндіріп алынған) салық сомасы есепке алынбайды. Сіз қате төленген салық сомасын қайтару туралы салықтық өтініш бере аласыз (Салық кодексінің 101-бабы).

10. 2022 жылы мемлекеттік қызметтен босатылдым, бұл ретте 2021 жылы 250-нысан бойынша декларация тапсырдым Декларация тапсыруым керек пе?

«Жалпыға бірдей декларациялау» жүйесіне кірген және 250-нысан бойынша декларация тапсырған тұлғалар жыл сайын жеке табыс салығы бойынша 270-нысан бойынша декларация тапсыруға міндетті (ҚР Салық кодексінің 630 және 633-баптары).

Ақпарат салық міндеттемелерін түсінуді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтау процесін оңайлату мақсатында ұсынылған. Қосымша сұрақтарыңыз болса, 1414 байланыс орталығына (қосымша нөмірі 3) хабарласуды немесе кәсіби салық консультанттарынан кеңес алуды ұсынамыз.

Другие новости
Приобретайте автомобили Cobalt и Onix в кредит от 5% (ГЭСВ 5,1-22,3%)
2024-05-06 10:04:06
Отключение пролонгации пакетов услуг PRO и PROMAX
2024-04-29 10:55:00
Мамыр айындағы мереке күндері бойынша демалыс күнін ауыстыру: 2024 жылы қалай демаламыз
Поиск по сайту