Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Жаңалықтар 2016-04-21 00:00:00

Сақтаныңыздар! Алаяқтар Сіздің банктік деректеріңізді қолға түсіруді көздеп жүр!

Алаяқтар қазақстандық банктердің клиенттерінің сеніміне кіріп, олардың банктік карталарының деректерін электрондық пошта арқылы алуға тырысып бағуда.


Осы аптада бірқатар қазақстандық банктердің қауіпсіздік қызметтері қылмыстық мақсатта клиенттердің жеке банктік деректерін заңсыз алу әрекетін анықтады. Өздерін банктің қызметкерлері ретінде таныстыратын алаяқтар қазақстандықтарға карта иесінің аты, оның қолданыс мерзімі мен қорғаныс коды сияқты төлем карталарында көрсетілетін деректерді хабарлауды талап ететін хаттарды электрондық пошта арқылы жөнелтіп отыр. Электрондық хаттарды жөнелткен кезде алаяқтар нақты жөнелтушінің поштасының доменін @kaspi.kz, @eubank.kz, @homecredit.kz немесе @centercredit.kz сияқты қазақстандық банктердің домендік атауларына өзгертеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: банктер клиенттерден төлем карталарының деректерін электрондық пошта арқылы сұратпайды! Бұл ақпарат банктік құпия туралы заң арқылы қорғалатын мәліметтер санатына жатады.

Егер Сіз банктен төлем картасының деректерін көрсете отырып, нысанды толтыруды немесе басқа конфиденциалды ақпаратты ұсынуды өтінген электрондық хабарлама алсаңыз, ондай хатқа жауап бермеңіз.

Алаяқтардың қақпанына түсіп, оларға өздерінің карталарының деректерін хабарлаған клиенттер картаға тосқауыл қою және картаны қайта шығару туралы өтінішпен өздерінің банктеріне жедел хабарласуы қажет.

ЦентрКредит Банкінің клиенттері "Starbanking" жүйесінің мобильді және web-қосымшасы, сондай-ақ 7 (727) 2447777 телефон нөмірі бойынша Авторизациялау орталығына хабарласу арқылы картаға тосқауыл қоя алады.

Kaspi Bank клиенттері Kaspi.kz сайтындағы жеке кабинет немесе 9999 телефон нөміріне хабарласу арқылы лезде картаға тосқауыл қоя алады. Осы туралы толық ақпаратпен келесі бейнебаян арқылы таныса аласыздар: https://youtu.be/UG-CpV39nBM

Еуразия Банкінің клиенттері 7722 тегін телефон нөміріне хабарласу немесе «Smartbank» интернет-банкингі арқылы лезде картаға тосқауыл қоя алады. Сондай-ақ осы қызметті мобильді қосымша арқылы пайдалануға болады.

Хоум Кредит Банкінің клиенттері 7373 телефон нөміріне хабарласу арқылы өз карточкаларына тосқауыл қоя алады.

Өзге жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік
2025-10-24 08:45:00
2025 жылғы 24 қазаннан бастап жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгереді
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді