12 мамырда Алматыда Қазақстанның автобизнесінде қаржылық және сақтандыру қызметтерінің (F&I) енуін арттыру бойынша автодилерлердің 6-шы халықаралық форумы өтті. Іс-шара ҚР автобизнесінде F&I қызметтерінің ену стратегиялары мен әдістерін талқылау мақсатында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жетекші сарапшылар мен автобизнес өкілдерін, сондай-ақ халықаралық мамандарды жинады. ЦентрКредит Банкі автомобиль форумында банктердің алғашқысы болды және ҚР автобизнесінде қаржы өнімдері мен қызметтерін дамытуға қатысты өз көзқарасын таныстырды. ЦентрКредит Банкі атынан Бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент Людмила Богушевская және Кредит беруді дамыту орталығының басшысы Ерлан Абдрашев қатысты.
Конференция барысында Қазақстанның автобизнесіндегі ағымдағы ахуалға баға берілді, кредиттік өнімдердің қолжетімділігіне байланысты мәселелер талқыланды. Конференцияда ұсынылған негізгі ұсыныстардың бірі банктік өнімдердің жағдайын жақсарту және процестерді автоматтандыру және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту болды