Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Новости 2016-04-11 00:00:00
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 жылғы №103 қаулысымен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Түзетулер келесі мәселелерге қатысты енгізілді:

  1. «Проблемалы несиелер қоры» АҚ-ның салымын игеру кезеңі 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды;
  2. қарыз алу кезінде «мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар» мәртебесі бар және (немесе) қарызға қызмет көрсету кезеңінде осы мәртебеге ие болған, бірақ 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша көрсетілген мәртебеден айырылған қарыз алушылар халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылды;
  3. үшінші тұлға – кепіл беруші үшін 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша тұрғын үйдің жалғыз болуына қатысты шектеулер алынып тасталды;
  4. 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша қарыз алушы үшін жақын туыстар болып табылатын үш және одан көп отбасы мүшесі тіркелген қарыз алушының тұрғын үйінің ауданы бойынша 120 ш.м. шектеу алынып тасталды;
  5. жекешелендіру, сыйға алу шарттары бойынша немесе мұрагерлік тәртібінде оларға жалпы меншік құқығында тиесілі осы бір тұрғын үй бірлігінде тұратын әрбір адамға (қарыз алушыға, оның жұбайына, отбасының кәмелетке толмаған баласына, сондай-ақ бірге тұратын әрбір жақын туысына) жеке бір тұрғын үй бірлігіндегі үлесі тұрғын үй алаңының 16 ш.м. аспайды;
  6. Бағдарламаға тұрғын емес жай (тұрақты өмір сүру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланылатын жеке жай) түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар, оның ішінде қарыз алушы, оның жұбайы болып табылмайтын үшінші тұлғаға (кепіл берушіге) тиесілі қарыздар қосылған, осы ретте тұрғын емес жайдың ауданы жылжымайтын тұрғын үй объектісінің техникалық төлқұжатына сәйкес 100 (бір жүз) шаршы метрден аспауы қажет;
  7. 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін тұрғын үйден басқа, оған қосымша «жеке тұрғын үй құрылысы» нысаналы мақсатындағы жер телімі болатын қарыз алушылар Бағдарламаға қосылған;
  8. халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылған қарыз алушылар және/немесе олардың жұбайлары үшін 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша Бағдарламада бекітілген критерийлерге сәйкес меншігінде қосымша ең көп дегенде бір тұрғын жайының болуына рұқсат беріледі.

Өтініштерді қабылдау жалғасуда, енгізілген толықтырулар бойынша Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін барлық клиенттердің, сонымен қатар бұрын қайта қаржыландыру бойынша бас тарту алған тұлғалардың қызмет көрсету орны бойынша банктің филиалдарына баруын және қайта қаржыландыру туралы өтінімді тіркеуін өтінеміз.


Қосымша ақпаратты bcc.kz сайтынан немесе 8-8000-8000-88 (ішкі нөмір 4444) жедел желі нөміріне хабарласу арқылы алуға болады. 

Другие новости
Приобретайте автомобили Cobalt и Onix в кредит от 5% (ГЭСВ 5,1-22,3%)
2024-04-29 10:55:00
Мамыр айындағы мереке күндері бойынша демалыс күнін ауыстыру: 2024 жылы қалай демаламыз
2024-04-19 06:24:10
ЦКБ тобы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 5,5 млрд теңге аударады
Поиск по сайту