Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2016-11-10 00:00:00

Сот «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-ны банкрот деп таныды

ЦентрКредит Банкі «Ромат» ФК» ЖШС-мен болған жағдайға түсініктеме берді, сондай-ақ фармкомпания басшылары тарапынан банктің өкілдеріне және сот органдарына қатысты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланған айыптаудың негізсіз екенін растады.


«Ромат» ФК» ЖШС-ның мәлімдеуі бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот 06.04.2015 жылы өтінішті қанағаттандыру туралы шешім шығарды және «Ромат» ФК» ЖШС-ға қатысты оңалту процедурасы қолданылды, аталмыш шешім 24.06.2015 жылы күшіне енген болатын.


Осылайша, сот «Ромат» ФК ЖШС» басшылығының тіпті осы өтінішті беруге дәрменсіздігінің байқалуына қарамастан, оңалту процедураларының көмегімен төлем жасауға қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік беріп, «Ромат» ФК ЖШС» КТ басшылығының бастамасын қолдады, себебі компания тек банктердің алдында ғана емес, өзара қарым-қатынасы компанияның бизнесіне тікелей ықпал ететін контрагенттердің алдында да ірі несиелік берешегі бар, төлемге қабілетсіз кәсіпорын болып қалды.


Алайда сот оңалту процедурасын қолдану мүмкіндігін берген күннен бастап «Ромат» ФК» ЖШС басшылығы мен оның үлестес компаниясы «Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС басшылығының іс-әрекеттері компанияның төлем жасауға қабілеттілігі мен бизнесін қайта қалпына келтіруге емес, сот тағайындаған уақытша әкімгерді шеттетуге ғана бағытталған еді. Нақтырақ айтқанда, уақытша әкімгерді «Ромат» ФК» ЖШС-дағы жұмыс орнына жібермеген, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңы бойынша талап етілетін ақпарат пен құжаттаманы бермеген. Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағандықтан, уақытша әкімгер сот органдарына шағым жасауға мәжбүр болған, себебі «Ромат» ФК» ЖШС сот актілерін елемеді және орындамады, Қазақстан Республикасының 76-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиісті екенін елемеді.


Оңалту процедурасын жүргізу талаптарының бірі компания басшылығының оңалту жоспарын құру міндеті болып табылатынын айта кеткен жөн.


Мысалы, 04.09.2015 жылы «Ромат» ФК» ЖШС ілеспе хат арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа өтем жасау кестесі көрсетілген төмендегі оңалту жоспарын ұсынды:

  1. Оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап ЖШС 24 ай ішінде жалпы көлемі 800 000 000,00 теңге мөлшерінде бейінді емес активтерді, соның ішінде кепілге берілген активтерді сату есебінен несие бойынша берешекті өтейді.
  2. Оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап 25-ші айдан оңалту процедурасының 36-шы айына дейін ЖШС қолданыстағы бизнес ретінде бөлімшелерді сату есебінен 1 500 000 000,00 теңге мөлшерінде өтем жасайды.
  3. Оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап 38-ші айдан оңалту процедурасының 60-шы айына дейін ЖШС алынған пайданың есебінен және кепіл мүлкін іске асыру есебінен 59 875 015 теңге мөлшерінде ай сайын төлем жасайды.

Жоғарыда көрсетілген мәселелер «ФК Ромат» ЖШС-ның төлем қабілеттілігін және бизнесті қалпына келтіруге ниетінің болмауын білдіреді, себебі ұсынылған оңалту жоспарының жобасы нарықтың қандай болмасын есебін, болжамын және компанияның операциялық іс-әрекетінің талаптарын көрсетпейді. Мұндай жоспар құрылтайшылардың оңалту процедурасында активтерді сатуға дайын екенін және бесінші жылдың соңында толық банкрот болуын растайды.

Мұндай жағдайда заңды сұрақ туындайды: егер «ФК Ромат» ЖШС мүлкін және қолданыстағы бизнесін сатса, нені оңалтуы тиіс?


Осылайша, «ФК Ромат» ЖШС сырттан инвестордың капиталын тартпай төлем жасауға қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігінің болмауына байланысты оңалту жоспарын құра алмайтынын көрсетті. Бұл жағдайды «ФК Ромат» ЖШС-ның өкілетті өкілдері сот талқылауы барысында, сондай-ақ компанияның басшылығы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің және Павлодар облысы Әкімдігінің алаңдарында ұйымдастырылған кездесулер кезінде растады.

«ФК Ромат» ЖШС КТ басшылығының және оның өкілдерінің сырттан инвесторларды тартпай, компанияның төлем жасауға қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігінің болмауы туралы ресми өтінішін ескере отырып, сот жасаған қорытынды заңды болып табылады – бұл Роматты банкрот деп тану, өйткені сот органдарының инвесторларды тартуға өкілеттігі және құқығы жоқ.

Сонымен қатар, сот және мемлекеттік органдар, сондай-ақ кредиторлар компанияны басқаруға, бизнесті жүргізуге қатыспайды.


Сондықтан «Ромат ФК» ЖШС КТ басшысының және оның жақтастарының бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сот органдарына және «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қатысты жасаған дәлелсіз айыптауларын, сондай-ақ компанияның мемлекеттік органдарға берген өтініштерін банк компанияның өз дәрменсіздігін ақтауға және кәсіпорынды басқаруда, менеджментте жіберілген түзелмейтін қателіктерді ақтауға бағытталған іс-әрекеттері деп есептейді.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 727 2598603, asel.durbaeva@bcc.kz, www.bcc.kz

телефоны арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың баспасөз қызметіне хабарласыңыздар.

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-10-07 13:00:00
ISO 20022 стандартындағы өзгерістер
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды