Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2017-11-08 00:00:00

3D Secure технологиясы. Visa карталарымен интернетте қауіпсіз сауда жасау.

Құрметті ЦентрКредит Банкінің Visa картасын ұстаушылар!

Интернет желісінде картамен төлем жасаған кезде қауіпсіздік деңгейін арттыратын 3D Secure технологиясымен жұмыс істейтін Visa International төлем жүйесінің Verified by Visa қауіпсіздік стандартының іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз.

3D Secure дегеніміз не?
3D Secure технологиясы (ағылшын тілінен Three-Domain Secure) интернет желісінде картамен төлем жасаған кезде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи технология болып табылады. Интернет арқылы төлем жасаған кезде мобильді телефонға SMS-хабарлама түрінде жіберілетін арнайы бірреттік 3D Secure паролі карточканың иесін сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

3D Secure қалай жұмыс істейді?
1-қадам. Сатып алу 3D Secure технологиясымен жұмыс істейтін (сайтта Verified by Visa белгісі бар) интернет-дүкендерде сауда жасаңыз.

2-қадам. Пароль көрсетілген SMS алу
Интернет-дүкенде төлем жасау үшін қажетті деректерді енгізгеннен кейін SMS-хабарламамен телефоныңызға жіберілген бірреттік парольді енгізу үшін арнайы парақшаға өтіңіз.

3-қадам. Парольді енгізу
SMS-хабарламамен келген парольді арнайы жолға енгізіп (бар болғаны 3 мүмкіндік беріледі), төлемді растаңыз. Сәйкестендірудің сәтті өткені туралы Банктен растама алған жағдайда ғана Интернет-дүкен жасалған сауданың төлемін қабылдайды.

Картаны 3D Secure қызметіне қалай қосуға болады?
1. Төлем картасын ашқан кезде Банкте көрсеткен телефон нөміріңізге SMS-хабарлама жіберіледі.
2. Егер телефоныңызда SMS-хабарлама қызметі (карта бойынша жүргізілген операциялар туралы SMS-хабарлама) қосылған болса, онда нөмірді растау талап етілмейді.
3. Банктің тәулік бойы жұмыс істейтін авторизациялау орталығына 505 немесе + 7 (727) 244 77 77 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып, қызметке қосылуға болады.

Қызметті қосу үшін алынатын комиссияның мөлшері қандай?
3D Secure қызметіне тіркелу және пароль алу Банкке бармай-ақ және комиссиясыз іске асырылады.

3D Secure технологиясымен жұмыс істемейтін интернет-дүкендерде сауда жасауға бола ма?
Егер интернет-дүкен 3-D Secure технологиясымен (интернет-дүкендердің сайтында Verified by Visa логотипі орналастырылмаған) жұмыс істемесе, интернет-дүкеннің сұрауы бойынша картаның деректерін көрсете отырып, төлем жасауға болады. Бұл кезде төлем 3D Secure технологиясымен қорғалмайды.

SMS-хабарламамен бірреттік пароль алмаған жағдайда не істеу керек?
505 немесе + 7 (727) 244 77 77 тегін телефон нөмірі бойынша Банктің тәулік бойы жұмыс істейтін авторизациялау орталығына қоңырау шалып, Банктің жүйесінде тіркелген мобильді нөміріңіздің өзектілігін тексертіңіз.

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-10-07 13:00:00
ISO 20022 стандартындағы өзгерістер
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды