Сіздерге 10.04.2019 ж. №64 Валюталық операцияларға мониторинг жүргізу ережелеріне енгізілген өзгерістер 2024 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енгенін хабарлаймыз. Бұл өзгерістерге сәйкес резидент жеке тұлғалардың:
• бейрезидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету шартының;
• басқарушы инвестициялық бейрезидент портфельмен жасалған инвестициялық портфельді басқару шартының негізінде жасалған есептік тіркеуі жойылған.
Есептік нөмірлері 2024 жылғы 16 қыркүйекке дейін тағайындалған резидент жеке тұлғалардың валюталық шарттары Ұлттық Банктің аумақтық филиалында есептік тіркеуден шығарылған және есептік нөмір реестрінен жойылған болып саналады.