«Банк ЦентрКредит» АҚ 2022 жылғы 5 сәуірден бастап #TravelCard ЖЖ (жалақы жобалары аясында шығарылған) карталары бойынша тегін қызмет көрсету талаптарына өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлайды.
Сізге ыңғайлы болуы үшін 2022 жылғы 5 сәуірден бастап карта бойынша қызмет көрсету тегін болуы үшін талаптардың біреуін орындау қажет болатын есепті кезең болып бір күнтізбелік ай танылады (айдың 1-ші күнінен соңғы күніне дейін).
Енді алдыңғы ай үшін талап орындалмаған кезде, 5 000 теңге мөлшеріндегі комиссия әр айдың 5-ші күні алынады (талаптар өзгертілмеген):
Айына 500 000 теңгеден (басқа валютамен баламасы) басталатын сомаға сауда жасау;
Картадағы/депозиттегі (Рақмет/Рақмет+/Чемпион/ Эталон/ Эталон+) қалдық бір ай ішінде күн сайын 3 000 000 теңгеден (басқа валютамен баламасы) жоғары болуы қажет;
Карта арқылы 140 000 теңгеден жоғары жалақы алу.
Өзгерістер 05.04.2022 ж. бастап күшіне енеді (5 сәуірден бастап 30 сәуірге дейінгі кезең үшін картаға қызмет көрсету бойынша комиссия алынбайды).
Комиссияны есептеу/есептен шығару күні – 05.05.2022 ж.
#TravelCard ЖЖ картаңызды тегін етіп, Visa Signature премиум санатындағы картаның артықшылықтарын пайдаланыңыз және Қазақстан бойынша, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша саяхаттарға 7% кэшбэк алыңыз!
Тарифтермен сілтеме арқылы танысуға болады.Құрметті клиенттер!