12 сәуір күні Алматыда жас ұрпақтың жоғары технологиялар саласындағы, атап айтқанда, ғарыш индустриясындағы ғылыми шығармашылық пен технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылығын ынталандыруға бағытталған және Қазақстанның 40 жетекші оқу орнының 80-нен астам жобалық командасын біріктірген Smart Space байқауының финалы өтті.
Жобаның мақсаты – білім, ғылым және кәсіпкерлік салаларын біріктіретін «Халықаралық ғарыштық желілік қоғамдастық (МК2С)» бастамашылық индустриялық-инновациялық және ғылыми-білім беру бағдарламасының бизнес-жобаларына кейіннен қосу мақсатында үздік жобалық командаларды іріктеу және оларға қолдау көрсету.
ЦентрКредит Банкі жобаны қолдап, елдің инновациялық әлеуетін дамытуға және жастарды серпінді зерттеу мен әзірлеу жұмыстарына тартуға бағытталған ғылыми-білім беру бастамаларын қолдауға ұмтылатынын атап өтті.
«Kazakhstan Smart Space – біліммен және жаңашыл идеялармен алмасу алаңы болып қана қоймай, біздің прогреске, инновацияға және жас таланттарды дамытуға деген ортақ ұмтылысымыздың жарқын мысалы. ЦентрКредит Банкі жастардың ғылыми әлеуетіне және креативтілігіне, әсіресе білім саласына үлес қосу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Біз жас ұрпақтың ғарышты зерттеу мен игеруде маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз», – деп мәлімдеді ЦентрКредит Банкінің өкілі Дидар Халық.
Smart Space байқауы барысында TRIZ, PRIZ, STEM және STEAM салаларындағы пікір көшбасшыларымен шеберлік кластары, телекөпірлер өткізіліп, тағылымдама мен акселерациялық бағдарлама мүмкіндіктері, сондай-ақ ғарыш саласындағы жетекші серіктестердің міндеттері таныстырылды. Space Cup KZ Smart Space 2024 турнирі басты оқиға болды, турнир барысында командалар «SpaceTech саласындағы үздік жас жобалау менеджері» атағы үшін бақ сынады. Байқаудың 7-12 жас, 12-16 жас, 16-22 жас аралығындағы үш санаттағы жеңімпаздары Байқоңыр ғарыш айлағына экскурсия және PRIZ Guru Hub платформасына жылдық жазылу сияқты түрлі сыйлықтармен марапатталды.