Құрметті клиенттер!
ЦентрКредит Банкінің немесе Халықаралық төлем жүйелерінің атынан қандай да бір сыйлық ұтып алғаныңыз жөнінде және жеке деректеріңіз сұралатын нысанды толтыру үшін mobiltechnics.com/kz-techno сайтына өту туралы өтінішпен СМС немесе e-mail хабарлама келген жағдайда, хабарда көрсетілген сілтемені ашпауды және, қандай жағдай болмасын, өзіңіздің жеке деректеріңізді (картаңыздың нөмірін, дербес деректеріңізді) енгізбеуді табанды түрде ұсынамыз.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызметінің» KZ-CERT компьютерлік инциденттерге ден қою қызметі Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаяқтардың белсенділігі туралы ескертеді.
Қаскүнемдер мобильді мессенджерлер мен электрондық пошталар арқылы мерекелік акцияларды сылтауратып, пікіртерімге қатысуға шақыратын хаттар жолдайды. Оның ақырғы мақсаты бекітілген кепілдікті төлемді орындату немесе төленетін бонус үшін комиссия төлету болып табылады.
«Алаяқтық интернет-ресурс» тобына жатқызылған mobiltechnics.com/kz-techno интернет-ресурсында ақпараттық қауіпсіздік инциденті анықталған.
Алаяқтық хабарларда келесі мағлұматтар көрсетілуі мүмкін
KZ-CERT ұсыныстары
KZ-CERT компьютерлік инциденттерге ден қою қызметі ойын, ойын-сауық бағытындағы интернет-ресурстарға, бейтаныс ресурстарға кірмеуге, «таңғаларлық оқиғалар» көрсетілген сілтемелер мен баннерлер бойынша өтпеуге кеңес береді (мұндай жаңалықтар қолданушының құрылғысын әртүрлі залалды бағдарламалармен зақымдау үшін пайдаланылады).
СМС-хабарламалар мен бірреттік код жөнелтілетін телефонның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударыңыз.
Белгісіз адресаттан күтпеген тақырыпта келген, Сізге шұғыл түрде немесе шектеулі уақыт ішінде қандай да бір операцияны орындау ұсынылған немесе Сізді мұндай әрекеттерді орындауға мәжбүрлеуге тырысатын кез келген күмәнді хатқа зиянды хат ретінде қараңыз.
Жөнелтушінің мекенжайын анықтап тексеріңіз. Қаскүнемдер Сіздің танысыңыздың немесе Сіз сенім білдірген ұйымның атынан мекенжайдың бір-екі әрпін өзгертіп, Сізге хат жөнелтуі мүмкін.
Жүргізілетін операциялардан логикалық тұрғыдан кез келген өзгеріс анықтаған жағдайда, банктердің call-орталықтарына хабарласыңыз. Интернет-банкинг қызметіне кіретін, сондай-ақ карталарыңыз бойынша төлем жасайтын құрылғыларға (компьютер, ноутбук, планшет) мұқият және құптап қараңыз.
Егер Сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, Компьютерлік инциденттерге ден қою қызметіне 1400 жедел телефон желісі арқылы тез арада хабарласуды және қауіп төнуі мүмкін өзіңіздің барлық онлайн-аккаунттарыңыздың парольдері мен PIN-кодтарын өзгертуді ұсынамыз.
Құрметпен,
ЦентрКредит Банкі.