Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Жаңалықтар 2022-11-25 00:00:00

ЕҚҚДБ-дан GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша 10% немесе 15% өтемақы төлеу 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша өтемақы төлеу мерзімін 2023 жылғы 31 тамызға дейін ұзартты.


GEFF бағдарламасына қатысу үшін ЦентрКредит Банкінің кредиттік қаражатына бағдарлама бойынша қолайлы жабдықты сатып алып, кәсіпорнында орнатып, кредиттік менеджер арқылы өтемақы-кэшбэкке өтінім беру қажет.


ЦентрКредит Банкі Еуропа қайта құру және даму банкінің Қаржылық серіктесі болып табылады және Қазақстандағы GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы аясында энергияға тиімді жабдықты жеткізушілер мен сатып алушыларды қаржыландырады.


Бағдарлама:

·       энергияны пайдалануды азайтатын

·       жаңартылатын көздерден энергия өндіретін

·       су ресурстарын қорғайтын

·       экологияға теріс әсерді азайтатын "жасыл" технологияларға инвестиция салуды қаржыландырады.


GEFF бағдарламасының көмегімен кәсіпкерлік  субъектілері ғимараттарына энергетикалық модернизация жүргізе алады, яғни:

▫️жылуды оқшаулау, жарықтандыру, жылыту, кондициялау және желдету жүйелеріне арналған энергияны үнемдейтін жаңа жабдықтар мен материалдарды сатып алу;

▫️ Қасбеттік жүйелер бойынша заманауи шешімдерді енгізу;

▫️ Тұрғын және коммерциялық жайларда энергияны үнемдейтін терезелер мен есіктерді орнату

 ▫️ Қолданыстағы көліктер мен ауылшаруашылық мақсаттарға пайдаланатын жабдықтарды  (жылыжайлар, суару жүйелері, жер және егін дайындау жабдықтарын) жаңарту немесе жаңасын сатып алу

▫️ Фотоэлектрлік күн батареяларын, геотермалдық жылу сорғыларын, суды үнемдейтін суару жүйелерін сатып алу

▫️ Кез келген маркадағы электромобильдерді сатып алу (жеке тұлғалар да сатып ала алады) және т.б.


"Жасыл" технологиялық шешімдерге арналған жабдықтардың толық тізімі Жасыл Технологиялар Селекторының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған: https://techselector.com/kazakhstan-ru/. 

Бағдарлама Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Аустрияның Федералды қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Өзге жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік
2025-11-13 17:00:00
Жеке кәсіпкерлік шотын ҚР кез келген банкінің картасынан толықтыру
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді