Құрметті клиенттер!
Сіздерге Қазақстан банктерінің «Интернет-Банк» жүйелері сайттарының жасанды нұсқалары туралы фактілер анықталғаны жөнінде хабарлаймыз.
Осыған байланысты Сіздерді ЦентрКредит Банкінің «Интернет-Банкинг» жүйесіне кірген кезде төменде көрсетілген жайттарға ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРУДЫ өтінеміз:
1) Браузердің мекенжай жолындағы сайт мекенжайына:
- Бас беттің мекенжайы – https://ib.bcc.kz және/немесе https://ib.bcc.kz/#restart
«Интернет-Банкинг» жүйесінің бас бетінде міндетті түрде Банктің ағылшын тілінде жасыл әріптермен жазылған атауы JSC Bank CenterCredit [KZ] болуы тиіс!
Сайттың кез келген басқа мекенжайы дұрыс емес!
2) Банктің атына берілген сертификаттың түпнұсқалығына. Мекенжай жолында міндетті түрде мекенжаймен бірге қосылуы сертификатпен қорғалған компания жайлы ақпарат болуы қажет.
***Сонымен қатар Сіз құлып белгісіне басып, сертификат жайлы ақпаратпен толық таныса аласыз.
Назар салыңыз!!! Егер Сіз осыған дейін күдікті сайтты ашқан болсаңыз немесе Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізге (логин/құпия сөз/ЭСҚ) рұқсатсыз қолсұғушылық болды деп күдіктенсеңіз, онда сәйкестендіру құралдарын ауыстырғанға дейін «Интернет-Банкинг» жүйесіне кіруді бұғаттау үшін Өз есепшот менеджеріңізге хабарласқаныңыз жөн.
Сондай-ақ:
1. Тек лицензиялық бағдарламалық қамсыздандыруды қолдануға;
2. «Интернет-Банкинг» жүйесінде жұмыс жасау кезінде қосымша қорғанысты қамтамасыз ету үшін KFP Endpoint бағдарламалық қамсыздандыруын орнатуға;
3. Жүйелі түрде өз жұмыс станцияңызға антивирустық бағдарламалық қамсыздандыруды және антивирустық базаларды орнатуға;
4. Операциялық жүйе үшін барлық соңғы қажетті жаңартуларды жүйелі түрде орнатуға;
5. Жұмыс станциясында орнатылған операциялық жүйені зиянды бағдарламалық қамсыздандыруға жүйелі түрде сканерлік тексеріс жүргізіп тұруға кеңес береміз.