Тікелей рейстер, небәрі 5 сағаттық ұшу және түрлі бағыттар (ұшақ, автобус немесе жеке көлік), ал көрікті жерлердің саны сонша, тіпті тәжірибелі саяхатшының өзі бейжай қала алмайды. Сондықтан Қытайдың қазақстандықтар үшін ең танымал туристік бағыттардың біріне айналуы — таңғаларлық жағдай емес. Алайда саяхаттың сәтті өтуі үшін оған алдын ала дайындалу қажет. Үйде отырып-ақ билеттер мен тұратын орыннан бастап, мобильді байланыс пен шопингке дейін барлық маңызды жайтты ойластырып алған дұрыс.
Қазақстаннан Қытайға қалай баруға болады? Елді көру үшін қайда барған жөн? Сапарға қалай дұрыс дайындалу керек?
Саяхаттың әрбір қыры қай өңірге баруды жоспарлап отырғаныңызға байланысты. Тәжірибелі туристер Бейжің мен Шанхайға күзде барған дұрыс деп есептейді. Алайда Қытайдың ұлттық күні секілді мерекелерден аулақ болған жөн. Себебі жергілікті тұрғындар тұтас бір апта (1–7 қазан аралығында) демалады, бұл уақытта көрікті жерлерде ұзын-сонар кезектерден қашып құтылу қиын. Жаз мезгілінде демалысты Хайнань аралында өткізген дұрыс, ал қыста Харбин тауларына жол тартуға болады. Көктемде Ухань қаласына барып, сакура гүлдеу кезеңін тамашалауға болады.
Танымал бағыттардың бірнешеуіне тоқталып өтейік.
Қытай астанасы — Бейжің. Картаға көз жүгіртсеңіз, ел астанасы Қытайдың орталығында емес, оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқанын байқайсыз. Бейжің — әлемдегі ең көне қалалардың бірі және қонақтарға ұсынары мол. Басты көрікті жерлердің қатарында жаяу серуендеуге арналған көркем бағыты бар Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі, ерекше атмосферасымен баурайтын Жазғы сарай (Ихэюань) және Аспан ғибадатханасы (Тяньтань) бар. Olympic Park-тегі немесе «Бақыт алқабындағы» аттракциондарға мініп, көңіл көтеруге болады. Шопинг жасау үшін Taikoo Li Sanlitun немесе Beijing APM алып сауда орталықтарына соғыңыз. Өткен дәуірдің атмосферасын сезінгіңіз келсе, антиквариат сатылатын әйгілі базарларды аралауды ұмытпаңыз.
#TravelCard — саяхатқа арналған артықшылықтары бар карта
Әуебилет сатып алу, қонақ үйде тұру және жалға автокөлік алу үшін жеңілдіктер мен кэшбэк алыңыз
Шанхай (картада елдің шығыс бөлігінде) да көрікті жерлерге бай. Ең танымал орындардың қатарында Хуанпу өзеніне және Шанхайдың зәулім ғимараттарына әсем көрініс ашылатын Вайтань жағалауы, «Шығыс інжу-маржаны» телемұнарасы, қаланың ең биік ғимараты – Цзинь Мао мұнарасы, сондай-ақ өсімдіктердің алуан түрі мен креативті ландшафт шешімдерімен таңғалдыратын сән-салтанатты Shanghai Botanical Garden ботаникалық бағы бар.
Гуанчжоу — Қытайдың оңтүстігінде орналасқан саяси, білім беру, мәдени және көлік орталығы. Мұнда Оңтүстік теңіз құдайының ғибадатханасын (594 жыл) тамашалап, жағалауында туристер де, жергілікті тұрғындар да тынығатын Інжу өзенін көре аласыз. Юэсю паркінде көктем мен күз мезгілдерінде бақытгүл жәрмеңкесі өтеді, ал шипалы өсімдіктерді іздесеңіз, Цинпин базарына жол тартыңыз. Айтпақшы, Гуанчжоуда кез келген талғамға сай қонақүйлер бар: бұл қалада қарапайым саяхатшылар да, премиум санатындағы сервиске үйренген туристер де өзіне лайық орын таба алады.
Жағажай мен сауықтыру демалысына туристер көбіне Хайнань аралына барады (мұндағы маусым қызған кез — қазаннан сәуірге дейін). Арал аумағында зиянды өндіріс орындарын орналастыруға тыйым салынған, сондықтан тұмса табиғат пен таза ауадан ләззат алуға болады. Айтпақшы, жағажайлардың, бальнеологиялық орталықтар мен SPA кешендерінің көптігі үшін Хайнаньды «Шығыс Гавайиі» және «Қытайдың басты сауықтыру мекені» деп атайды. Аралдың басты көрікті жерлеріне алып Гуаньинь құдайының мүсіні орналасқан Няншань буддизм орталығы, ерекше пішіндегі тастарымен танымал «Жердің шеті» саябағы, балықшылар ауылы (бұл судағы қоныс) және, әрине, екі мыңға жуық көңілді макака мекендейтін Маймылдар аралы жатады. Аралдың негізгі туристік орталығы — Санья курорты. Мұнда балалармен демалуға арналған барлық жағдай жасалған: түрлі деңгейдегі қонақүйлер, заманауи инфрақұрылым, қызықты экскурсиялар, құмды жағажайлар және, әрине, Оңтүстік Қытай теңізі.
2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қолданылады: Қытай аумағында 30 күнге дейін визасыз болуға болады.
Қазақстаннан Қытайға бару үшін шетелдік төлқұжат қажет пе? Иә, бұл құжатты сөмкеңізге ең алдымен салып қойыңыз: Қытайға кіру тек шетелдік төлқұжат бойынша жүзеге асырылады.
Виза сізге қажет болмаса да, құжаттарға немқұрайлы қарауға болмайды. Төлқұжаттың бірнеше көшірмесін жасап, оларды әртүрлі сөмкеге салып қойған дұрыс — құжат жоғалған жағдайда өте пайдалы болады. Тағы бір лайфхак — құжаттардың көшірмелерін электронды поштаңызға немесе бұлтты сақтау жүйесіне жүктеп қойыңыз: күтпеген жағдай туындаса, оларға кез келген жерден қол жеткізе аласыз.
Сонымен қатар Қазақстаннан Қытайға кіру ережелерін алдын ала зерттеп алыңыз. Мысалы, жеке пайдалану үшін темекі мен алкоголь өнімдерін әкелуге шектеу қойылған.
Саяхатшылардың бірінші қоятын сұрағы: «Қазақстаннан Қытайға қалай жетуге болады?». Бұл елге ұшақпен де, жеке көлікпен де жетуге болады. Автобуспен баруға да мүмкіндік бар. Туристер көбіне әуе сапарын таңдайды. Біріншіден, бұл — жылдам әрі жайлы тәсіл. Екіншіден, әртүрлі әуежайларға — мысалы, Бейжің, Инин, Шанхай, Үрімші, Гонконг немесе Гуанчжоу қалаларына қонуға болады. Тікелей рейстер бар (мәселен, Алматыдан Қытайға Air Astana, Air China және China Southern Airlines әуекомпаниялары арқылы жетуге болады), сондай-ақ ауысып отырып ұшу нұсқалары да қарастырылған. Қазақстаннан Қытайға ұшу қанша уақыт алады? Әдетте жол шамамен 5-6 сағатқа созылады.
Қытайда бес жұлдызды қонақүйлерде (соның ішінде Marriott пен Hilton секілді элиталық желілерде) де, бюджеттік хостелдерде де тоқтауға болады. Пәтер жалдау мүмкіндігі де бар, бұл — ұзақ сапарға шыққандар үшін өте ыңғайлы шешім.
Гуанчжоуда немесе Қытайдың басқа қалаларында пәтерді, қонақүйді не хостелді қайдан брондауға болады? Ең алдымен, Booking.com, Agoda.com немесе Trip.com секілді сервистерден іздеген жөн. Орта есеппен алғанда, қонақүйдегі бір түн — 120–300 доллар, пәтер — 20–50 доллар, ал хостел — 30–50 доллар шамасында.
Қытайда есеп айырысу ұлттық валюта — юаньмен жүргізіледі. Бұл елде шопинг жасау мүмкіндіктері шексіз болғандықтан (шипалы шөптерден бастап әлем брендтерінің киімдеріне дейін), төлем тәсілін алдын ала ойластырып қойған жөн. Есеп айырысу ыңғайлы ғана емес, тиімді болғаны да дұрыс.
Қытайға жолға шығатындарға ЦентрКредит Банкі UnionPay төлем жүйесінің #GoldCard картасын шығарды: бұл карта арқылы юаньмен төлем жасап, мол кешбэк (10%-ға дейін) алуға болады. Валюта айырбастамай-ақ есеп айырысуға (яғни, комиссиясыз), нақты картасыз-ақ сауда жасауға (WeChat, WeixinPay немесе Alipay қолданбалары арқылы), сондай-ақ банкоматтан 0 теңгеге қолма-қол ақша алуға болады (баламасы 1,5 млн теңгеге дейін). Бұған қоса 300 мың теңгеге дейін ақшаны комиссиясыз аударуға болады. Қуантатыны — картаны шығару және оған қызмет көрсету тегін, ал қолданыс мерзімі 8 жылға дейін жетеді. Бейрезиденттерге карта 1 жылға шығарылады. Тегін SMS-қызмет көрсету пакеттің ішінде қарастырылған.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
#GoldCard картасымен сізге Қазақстаннан Қытайға ақшаны қалай аударамын деп уайымдаудың немесе туыстарыңыздан қаражат жіберуді сұраудың қажеті жоқ. Жай ғана өзіңізге керегін сатып алыңыз да, айына 20 мың теңгеге дейінгі соманы кешбэк ретінде қайтарып алыңыз.
Валюта айырбастау үшін bcc.kz қолданбасының ыңғайлы FX-ақша айырбастау онлайн-сервисін пайдаланыңыз. Онлайн-платформа валюта сату мен сатып алуға тиімді бағамдар ұсынады. Үлкен соманы (10 мың доллардан жоғары) айырбастаған кезде транзакция дербес бағам бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар ақшаны өзіңізге қолайлы бағаммен айырбастауға өтінім қалдыра аласыз. Ақша картаңызға әп-сәтте түседі. Сіз қытай юанін теңгеге немесе керісінше айырбастап қана қоймайсыз, бұдан бөлек сервис 23 кең таралған валюта жұбымен жұмыс істейді.
Қазақстаннан Қытайға сапар құны қанша болатынын алдын ала анықтап алыңыз. Саяхат бюджеті таңдаған бағытыңызға, сіз үйренген жайлылық деңгейіне және сапар жоспарына байланысты болады.
Қытайда танымал мессенджерлер (мысалы, WhatsApp немесе Telegram) мен әлеуметтік желілердің (мысалы, Instagram немесе Facebook) көбі бұғатталған. Бұған қоса сіз Google сервистерін пайдалана алмайсыз немесе Youtube-тегі роликтерді көре алмайсыз. Бұл әлеуметтік желілерге кіру үшін Қазақстанда жүргенде бірнеше VPN-қолданбаны жүктеп алған жөн.
Қытайда байланыста болу үшін өзіңіздің мобильді операторыңыздың қызметтерін пайдалануға болады. Мысалы, Қазақстаннан Қытайға саяхат кезінде «Билайн» роуминг пакеттерін ұсынады.
Алайда тәжірибелі саяхатшылар сим-картаны Қытайға барған соң сатып алуға кеңес береді: әдетте жергілікті интернет пен байланыс қызметтері арзанға түседі. Сонымен қатар қоғамдық орындардағы тегін Wi-Fi-ды пайдалану үшін SMS арқылы растау қажет, ал бұл SMS шетелдік операторлардың нөмірлеріне келмейді.
Қытайдағы ең танымал провайдерлер — China Mobile және China Unicom.
Қытай ішінде сапар шегуді жоспарласаңыз, жүрдек пойыздармен жүру – ең қолайлы шешім. Елдегі пойыз билеттері арзан емес (шамамен 100 доллар тұрады), алайда бір мегаполистен екіншісіне барынша жылдам әрі жайлы жетуге болады.
Ірі қалаларда метро жұмыс істейді. Автобус бағыттары да жеткілікті. DiDi таксиін де пайдалануға болады, бұл – Uber-дің қытайлық нұсқасы.
Жергілікті тұрғындар ағылшын тілінде нашар сөйлейді. Сондықтан туристік орындардан тыс жерде өзіңізді еркін сезіну үшін стандарт тіркестер мен олардың айтылуын алдын ала жазып алған жөн. Аударма сервистерін пайдалануды да ұмытпаңыз, алайда интернетке қосылуды қажет етпейтін қолданбалармен жұмыс істеген әлдеқайда ыңғайлы әрі үнемді екенін есіңізде сақтаңыз. Мысалы, қытай тілін үйреніп жүргендер арасында Pleco немесе Train Chinese сервистері кеңінен қолданылады, бұл сервистерде офлайн-сөздік (қытайша-ағылшынша және ағылшынша-қытайша) те бар. Қолданбаларға келсек, көше белгілері мен мәзір мәтінін оқу үшін Waygo жүктеп алған жөн, ал бағыт құруда Baidu Map көмектеседі (Қытайда Google карталары жұмыс істемейтінін есіңізге саламыз).
Блокнотқа қытай тілінде барлық маңызды ақпаратты, мысалы, қонақүйдің атауы мен мекенжайын жазып алу артық болмайды. Иероглифтерді жазу қиындық туғызса, мәтінді бірнеше дана етіп басып шығарып алыңыз. Сонда жолда адасып қалсаңыз, жергілікті тұрғындар қайда барғыңыз келетінін түсіне алады.
Барлық ұсақ-түйекке дейін ойластырған соң, қытайлықтардың қарым-қатынас стилімен және танымал тағамдарымен алдын ала танысып қойған жөн. Мысалы, қытайлықтар шетелдіктермен сөйлескенді ұнатады, әңгімелесу үшін өздері жақындап, ағылшын тілін жаттықтыруға тырысады, тіпті бірге суретке түскісі келіп жатады. Қытайда туризм белсенді түрде дамып келеді, сондықтан жергілікті халықтан бірдеңе күмәнданудың қажеті жоқ: көп жағдайда адамдар ашық жарқын әрі күлімсіреп тұрады.
Қытайлықтардың посткеңестік кеңістіктегі адамдар үшін табу болып саналатын сезімтал тақырыптарды (жалақы, отбасылық өмір және т.б.) талқылауды жақсы көретіні де таңсық болуы мүмкін. Сонымен қатар қытайлар ащы тағамдарға құмар, сондықтан ащы дәмді ұнатпасаңыз, ағылшын тіліндегі «not spicy» (ащы емес) деген тіркесті жаттап алыңыз. Есесіне кафелер мен мейрамханалардағы порциялар өте үлкен: бір тағамға екі адам оп-оңай тояды.
Қытайға сапарды мұқият жоспарлауға уақыт бөліңіз: бұл көптеген келеңсіздіктің алдын алуға көмектеседі.